ойын сауық отауы
Құмған алған...
09.07.2016 5 709 0 Дауыл

Құмған алған...

Өлеңдер
Құмған алған,
Суға барған, Сұлуымды сағындым.
Сырғаланған,
Қуған арман.
Құлынымды сағындым.
Түйнектер мен
Жидек терген,
Нуларымды сағындым.
Үйректермен
Иректелген,
Суларымды сағындым.
Тынып тіптен,
Түлік біткен,
Жусағанын сағындым.
Жиі беттен
Сүйіп өткен,
Қыр самалын сағындым.
Безінбейтін,
Сезінбейтін
Аңғал кезді сағындым.
Өзім дейтін,
Сезім дейтін -
Жанған көзді сағындым.

Сағындым, жайық - Жұбан Молдағалиев Сағындым, жайық - Жұбан Молдағалиев
Сағындым сені, Жайық, алма бақты, Өткізгем өз бойыңда жастық шақты. Сүюші ем төңкерілген толқыныңды. Сылқылдап соғып жатқан жарқабақты.
Қайран бауыр Қайран бауыр
- Мұқаш - ай! Қарасазды сағындым - ау! Сағындым - ау, суымды, тауымды да! - ... Қайран дос, барғанымда осылай деп, Өрт кетіп өзегіне тарындың - ау!
Сағындым ғой Сағындым ғой
Сағындым ғой, саялы тау арасы, Сағындым ғой, жанымды дауалашы! Көрсетпестен, көк шалғын, көміп таста. Қарағайлы қалың ну, қамалашы!
Сағындым ғой Сағындым ғой
Сағындым ғой, саялы тау арасы, Сағындым ғой, жанымды дауалашы! Көрсетпестен, көк шалғын, көміп таста. Қарағайлы қалың ну, қамалашы!
Пай, пай! Пай, пай!
Пай, пай! Пай! Сағындым - ау, сағындым - ау! Талықсып, тар төсекке таңылдым - ау! Қапыда қалтылдаған жаным мынау, Жаратқан, нағылдым - ау, нағылдым -
Сағындым Сағындым
Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым. «Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған Алыстағы сорлы анамды сағындым.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×