Мені біреу сүйсе деймін себепсіз
Өлеңдер
Мына әлемге керек Ауа, керек Күз.
Әттең, шіркін, біз жай ғана терекпіз.
Мені біреу сүйсе деймін жай ғана,
Мені біреу сүйсе деймін себепсіз.
Сүйсе деп ем қыңыр - қисық қалпыммен.
Салыстырмай гауһар, күміс, алтынмен.
Сұп - суық деп ойлайды екен оны да
Тым сезімтал жұбай болар қар кіммен?
Сүймесе екен ұнаған соң кескінім,
және көңіл көтерген соң кешқұрым.
Сүймесе екен қалмаған соң ешкімі
Сүймесе екен қажытқанда ескі мұң.
Күн егерде не болады күлмесе?
Бәрімізде жан қалмайды Күн десе.
Түнге ғашық адамдарға таң қалма
Түнді неге сүйетінін білмесе.
Кетер едім құс боп ұшып дерексіз
Кете алмадым жан секілді керексіз.
Мен біреуді сүйсем екен жай ғана,
Мен біреуді сүйсем екен себепсіз.
Авторы: Танакөз ТОЛҚЫНҚЫЗЫ
Әттең, шіркін, біз жай ғана терекпіз.
Мені біреу сүйсе деймін жай ғана,
Мені біреу сүйсе деймін себепсіз.
Сүйсе деп ем қыңыр - қисық қалпыммен.
Салыстырмай гауһар, күміс, алтынмен.
Сұп - суық деп ойлайды екен оны да
Тым сезімтал жұбай болар қар кіммен?
Сүймесе екен ұнаған соң кескінім,
және көңіл көтерген соң кешқұрым.
Сүймесе екен қалмаған соң ешкімі
Сүймесе екен қажытқанда ескі мұң.
Күн егерде не болады күлмесе?
Бәрімізде жан қалмайды Күн десе.
Түнге ғашық адамдарға таң қалма
Түнді неге сүйетінін білмесе.
Кетер едім құс боп ұшып дерексіз
Кете алмадым жан секілді керексіз.
Мен біреуді сүйсем екен жай ғана,
Мен біреуді сүйсем екен себепсіз.
Авторы: Танакөз ТОЛҚЫНҚЫЗЫ
Кешірім
Тағдырыңның жапқаныңша есігін, Өкпелеуден тұрмау керек шешімің. Айналаңа өту үшін тік қарап, Бұл өмірде керек екен кешірім.
Өлімге - Сәбит Дөнентаев
Қартаймайтын, қалмайтын, бабай өлім, Бар ма, сірә, біреуді аяр жерің? Сен катысқан жұмысқа қарсы келіп, Ауыз ашар адам жоқ, қозғап ерін.
Танакөз Толқынқызының өлеңдері
Жас ақын Танакөз Толқынқызының бұл жинағына махаббат, достық, сүйіспеншілік жайлы лирикалық өлеңдері еніп отыр. Автордың әрбір туындысынан өзіндік
Егер сізді біреу жақсы көргенін қаласаңыз, онда
Сұлулық махаббат туғызбайды, керісінше махаббат сұлулықты көре білуге мүмкіндік береді. (Л.Н.Толстой)
Ұяламын дегені көңіл үшін
Ұяламын дегені көңіл үшін, Ұсақ қулық бір ғана өмір үшін. Татымды достық та жоқ, қастық та жоқ, Жігері жоқ, маңызы жеңіл үшін.
Бәрін де қойшы...
Бәрін де қойшы... Өмір - ай, деймін, Өмір - ай, деймін кейде мен, Күндер де өтті, ойнайтын қыста жейдемен. Кездер де кетті біреулер маған «Ей!» деген,