ойын сауық отауы
Жаз дидарлы жас ана. Қасым Аманжолов өлеңі
04.09.2018 1 889 0 Дауыл

Жаз дидарлы жас ана. Қасым Аманжолов өлеңі

Өлеңдер
Қасым Аманжолов өлеңі

Жаз дидарлы жас ана,
Жаныңды тос әр күйге.
Жасара түс, жасара,
Бөбегіңді әлдиле.
Қыз жырлайды бақытын,
Төгілтіп шаш арқаға.
Ойлап өткен уақытын
Күрсінеді қарт ана.
Шіркін ана қыз тауып,
Күң өсірген күн құрсын.
Нұр үстіне нұр жауып,
Өз күніміз құлпырсын.
«Теңдік» атты терең күй
Бізден басқа қай елде?
Дүние, бүгін басыңды и
Еркін, азат әйелге.
Көктен, жерден, теңізден,
Жұлдыз емес, қыз көрдік.
Ерке сәби емізген
Айдай ана біз көрдік.
«Сұлулық пен махаббат
Не?» деп әркім таласар.
Бақыты бар, басы азат
Адамға олар жарасар.
Қазақ қызы қара шаш,
Есіңде ме «Қырық байтал?»
Бүгініңе жай құлаш,
Өткеніңе бол қатал.
Жаз дидарлы жас ана,
Жаныңды тос әр күйге.
Жасара түс, жасара,
Бөбегіңді әлдиле.
1948ж.
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау

Өлең туралы. Қасым Аманжолов өлеңі Өлең туралы. Қасым Аманжолов өлеңі
Отырам кейде құрысып, Бойымда бір жүк жатқандай. Өтеді уақыт жылысып, Өз міндетін атқармай...
Жас дәурен. Қасым Аманжолов өлеңі Жас дәурен. Қасым Аманжолов өлеңі
Жас дәурен – гүл жазира, қайран жазым, Тыңдаған ерке сұлу айтқан назын. Әсерлі ән, көк нөсер күй, сал домбыра, Жігіттің тебірентесің өнерпазын.
Нұрлы дүние. Қасым Аманжолов өлеңі Нұрлы дүние. Қасым Аманжолов өлеңі
Нұрлы дүние, шіркін дәурен, Ойлаймын ғой сені ылғи. Көкейімнен кетпей сәулең, Көкірегімде толқиды күй.
Денсаулық жыры. Қасым Аманжолов өлеңі Денсаулық жыры. Қасым Аманжолов өлеңі
Аяулы, адал ақ ниет Менде де біраз бар шығар. Адамға біткен қасиет Сыздаса балтыр – хал сұрар.
Нар тәуекел. Қасым Аманжолов өлеңі Нар тәуекел. Қасым Аманжолов өлеңі
Нар тәуекел! Құлаш ұрдым қиынға, Қайрат шіркін алып шықса қиын ба! Бұл сапарда сүрініп те қалармын, Сонда, досым, мені айыпқа бұйырма!
Түн ортасы ауғанда. Қасым Аманжолов өлеңі Түн ортасы ауғанда. Қасым Аманжолов өлеңі
Түн ортасы ауғанда Отырсың, жігіт, нені ойлап? Кімнің атын жазасың Қайта - қайта шимайлап. Махаббаттың бұлбұлы, Жүр ғой сенен алыстап.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×