ойын сауық отауы
Семья – шағын мемлекет. Қасым Аманжолов өлеңі
04.09.2018 6 777 0 Дауыл

Семья – шағын мемлекет. Қасым Аманжолов өлеңі

Өлеңдер
Қасым Аманжолов өлеңі
Осы сені
Білем ғой деп ойлаймын.
Сондықтан да
Ақыл айтып қоймаймын.
Өзің - дағы білесің ғой әркімді,
Басыңызға түспесінші сондай күн.

Семья – шағын мемлекет.
Мен – президент, сен – премьер.
Арттым саған көп міндет,
Премьер жолдас, бер пример.
Мен тыңдар деп селт етпес,
Ескіліктің уағызын.
Сен орында, екі етпе
Президенттің указын.
Басқара біл үй ішін,
Бердім саған билікті.
Жемісті болса жұмысың,
Мен аяман сыйлықты.
Бар досым да, бар дұшпан,
Сал ойланып ақылға.
Алыстай біл алыстан,
Жақындай біл жақынға.
Жауаптымыз сіз бен біз,
Ұқсын басқа ұқпасын.
Мемлекетке тәуелсіз
Дұшпан қолды сұқпасын.
Көкірегімнің күйі үшін,
Сен еңбек ет мен үшін,
Басқар өзің үй ішін,
Мен жырлайын ел үшін.
Жыр тоқимын көп ойға,
Жетер ме екен уақытым.
Мен де ойлаймын, сен де ойла
Балалардың бақытын.
Біздің байтақ еліміз,
Семьялардан құралған.
Елін сүйер, сеніңіз,
Өз семьясын сүйе алған.
Сүй еліңді – үйіңдей,
Сүй үйіңді – еліңдей.
Көкіректегі күйіңдей
Жырыңды жаз ерінбей.
1953
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау

Оңаша ой. Қасым Аманжолов өлеңі Оңаша ой. Қасым Аманжолов өлеңі
Біреуге достық жасасам, Қастық боп қайтады өзіме. Жүрегімді ұқпай етед шам, Еркіндеу айтқан сөзіме.
Жас дәурен. Қасым Аманжолов өлеңі Жас дәурен. Қасым Аманжолов өлеңі
Жас дәурен – гүл жазира, қайран жазым, Тыңдаған ерке сұлу айтқан назын. Әсерлі ән, көк нөсер күй, сал домбыра, Жігіттің тебірентесің өнерпазын.
Әпкесі мен бөпесі. Қасым Аманжолов өлеңі Әпкесі мен бөпесі. Қасым Аманжолов өлеңі
Әпкесі биыл жетіде, Бөпесі шықты екіге. Екеуі тату соншама, Қай уақытта болса да. Бөпеге беріп қуыршағын, Қолға алып сумка шап - шағын.
Нұрлы дүние. Қасым Аманжолов өлеңі Нұрлы дүние. Қасым Аманжолов өлеңі
Нұрлы дүние, шіркін дәурен, Ойлаймын ғой сені ылғи. Көкейімнен кетпей сәулең, Көкірегімде толқиды күй.
Балдақты жігіт Балдақты жігіт
Балдағы бар бір жігітті көрдім де, Қасақана сауал бердім келдім де: «Ғафу, жолдас! Көрінбейд бір аяғың, Кешегі өткен сұрапылда бердің бе?»
Түн ортасы ауғанда. Қасым Аманжолов өлеңі Түн ортасы ауғанда. Қасым Аманжолов өлеңі
Түн ортасы ауғанда Отырсың, жігіт, нені ойлап? Кімнің атын жазасың Қайта - қайта шимайлап. Махаббаттың бұлбұлы, Жүр ғой сенен алыстап.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×