ойын сауық отауы
Жәмила
01.05.2016 1 864 0 Дауыл

Жәмила

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Жәмила!
Мұнша неге жүдедің?
Бетінде тамшы қан жоқ қой.
Жаралы ма жүрегің?
Тегінде, терең зар көп қой!
Жәмила!
Себебі не? Жалғанда
Серпілігі, ойнап - күлмейсің.
Түнде жұрт ұйқтап қалғанда,
Тыншып бір ұйқы көрмейсің.
Жәмила!
Кеудеңе от толды ма?
У һілеп айға қарайсың.
Өмірің у болды ма?
Жұлдыздар неге санайсың?
Жәмила!
Шапаныңды бүркеніп,
Тысқа ақырын шыққанда,
Күрсініп, ауыр күңіреніп,
Айтқаның зар ма я ән бе?
Жәмила!
Жанындағы жауызың
Айырды ма жарыңнан?
Сарғаймашы, бауырым,
Бітесің ғой зарыңнан.
Жәмила!
Түскен мынау жүзіңе
Қасірет пе, яки шашың ба?
Қайғылы қара көзіңде
Мөлдіреген жасың ба?
Жәмила!
Бетінде анау таңба не?
Аһ... имансыз ол хайуан!
Жалын, жаным, Алла де!
Бұдан басқа не хайлаң?!
Жәмила!
Қасіретті, сорлы қарындас,
Қайғыға қалай шыдайсың?
Жыла, бауырым, төгіп жас,
Мен де бірге жылаймын...
Жәмила!.. Жәмила!.. Жәмила!..

Ей, Бауырым! Ей, Бауырым!
Ей, Бауырым! Heгe сонша сарғайдың? Қапалансам, менің - дағы бар қайғым. Мен жұртыма мұңымды емес, Жырымды, Қуанышым - шаттығымды арнаймын, Қайғы -
Сарғайдым Сарғайдым
Сарғайдым күннен күнге қуат кеміп, Қалың ой - қара жылан жүректі еміп. Ақырын бітіп барам жанған шамдай, Көзіме ыстық жастар мөлт - мөлт келіп.
Орамал Орамал
Қасірет батты жаныма, Уға толды жас жүрек. Орамалды жарыма Бітірем қашан кестелеп...
Жаралы жан Жаралы жан
Cap дала бейне өлік сұлап жатқан, Көбіндей ақ селеулер бетін жапқан. Тау да жоқ, орман да жоқ, өзен де жоқ, Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан.
Ерзада...... Еркежан, Жазира...... Жібек Ерзада...... Еркежан, Жазира...... Жібек
Ерзада...... Еркежан ЕРЗАДА – қазақ сөзі ер + иран тілінен алынған зада - бала, перзент; батыр. Қыз бала ер, батыл болсын деп қойылған есім. ЕРЗИБА –
Гауһар...... Гүлшаш Гауһар...... Гүлшаш
Гауһар...... Гүлшаш ГАУҺАР - иран тілінен алынған гауһар — қымбат бағалы тас, маржан, інжу. Түрі - Жаухар. ГАЯНА - грек тілінен — жерге тән, жерден
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×