ойын сауық отауы
Өлкем жайлы ойласам - Жұбан Молдағалиев
10.10.2018 2 096 1 Дауыл

Өлкем жайлы ойласам - Жұбан Молдағалиев

Өлеңдер
Өлкем жайлы ойласам - Жұбан Молдағалиев

Жем қайда, Жайық қайда, Сағыз қайда?
Ескі өлең еске түсті бағзыда ойға.
Ашылып үрпілері, әне өзендер,
Далаға дән тасқынын ағызған ба?
Тіл білсе толғар еді тұмса Нарын -
Куәсі газ түздердің, құм сонардың.
Қысы жұт, жазы жалақ жылдар өтті,
Тартпады тауқыметін кім солардың?
Шөлдетті Исатай мен Махамбетті,
Құмар боп құмаршыққа атам да өтті.
Күй қылып кісен үнін Құрманғазы,
Қарғаған топан дертті, жапанда орны...
Осындай сыр шертеміз баламызға,
«Төркіндеп» туған жерге барамыз да. -
Білмеймін, сене ме олар, сенбей ме не,
Ұқсайды бәрі ертегі, бәрі аңызға.
Сақтайды есте сәби көз көргенін,
Ұқпас та қай жер қалай өзгергенін.
Бүгінше «әзір асқа тік қасық» ол,
Ертең - ақ егесе де ез бермегін.
Ол үшін бәрі дайын - жатыр алда,
Жер алда, даяшы алда, батыр алда.
Сол үшін мыңғырған мал қаймақ - майы,
Балық та сол үшін жүр Атырауда.
Көріп ол думан өмір паң даланы,
Күледі, қызығады, таң қалады.
Ішінде бойшаң егін адасады,
Шарлайды түзде туған сән қаланы.
Есінде қалады Ембі суреттері,
Шалқыған каналдардын сулы өткелі.
Күйіндей Құрекеннің күмбірлейді
Толқыған Ақ Жайықтың ну көктемі...
Қазақтың осындай бір байтақ елі
Жыр болып көз алдыма қайта келді.
«Еңку - еңку жер шалған ердің ісі
Тынды» деп Махамбет те айтар еді.
Бүгінде өлкесінің өзі өлең,
Батырдай ерлік ерен, сөзі берен.
Танисың тағы да бір кереметін.
Қарасаң егіншінің көзіменен.
Жем қандай, Жайық қандай, Сағыз қандай!
Нағыз бай - маңыз қандай, аңыз қандай!
Толқыннан түлеп өсіп
Шығанақтар
Дауылдап дән тасқынын ағызғандай.
Өлеңім - өрендерің, өркендерің,
Жаңарған жомарт жерің, көркем көлім.
Даламның даңқындай боп тұршы биік.
Қадірлі, қасиетті өлкем менің!
1962

Сағындым, жайық - Жұбан Молдағалиев Сағындым, жайық - Жұбан Молдағалиев
Сағындым сені, Жайық, алма бақты, Өткізгем өз бойыңда жастық шақты. Сүюші ем төңкерілген толқыныңды. Сылқылдап соғып жатқан жарқабақты.
Туған өлкем Туған өлкем
Көгінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем!
Оқып жүрген жастарға Оқып жүрген жастарға
Үмітпенен жоқ қуған Талабы алда баламыз. Басқалар жоғын тапқанда, Біздер қайтіп қаламыз.
Қажымас дос халықта жоқ Қажымас дос халықта жоқ
Қажымас дос халықта жоқ, Айнымас серт қайда бар? Алда көрген артта жоқ, Мысқыл, өсек, айла бар.
Көлің қайда, туған елім? Көлің қайда, туған елім?
Көлің қайда, туған елім? Шабақ болам титтей. Белің қайда, туған елім? Ойнақтайтын киіктей.
Дастарқан үстінде Дастарқан үстінде
(Өзбек жігітіне) Ойға жыр, көңілге күй, жанға тыныс, Айналаң алма - өрік, алда қымыз. Асан атам аңсаған Жерұйығы, Жігітім, жақсы ә, біздің Алматымыз?
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Дауыл
#1 Дауыл Бас редактор 11 қазан 2018 17:14
Шығарма: Туған жер

Туған жер сөзінде қаншама мағына, қаншама ой жатыр. Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Менің туған жерім - Балқаш қаласы. Туып өскен қалам Балқашым кішкетай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі жер. Осы жерде көңілді де уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтуде. Өз туған жерімді сүйемін. Осы қалада балабақшадағы күндерім, мектеп табалдырығын алғаш аттаған күнім, сынып балаларымен танысқан күндерім, әлі есімде.
Туған жерім күннен күнге көркейіп, жаңаруда. Мен Балқаш қаласымен мақтанамын.
Кенесары Диана
×