ойын сауық отауы
Ұшақ үстіндегі ой
29.07.2016 2 178 0 Дауыл

Ұшақ үстіндегі ой

Өлеңдер
Мұхтар Шахановтың өлеңі

Ұшақ үстіндегі ой
Шаңқай түсте,
Яки нұрлы ақ таңда,
Нән ұшақпен самғап бара жатқанда,
Көз салсаңыз төменге:
Біртегіс боп көрінеді жыралар,
Тереңінде жыланы бар ұралар,
Байқалмайды әжім-әжім қыраттар,
Қырат көзін жарып шыққан бұлақтар.
Бұққан сансыз құпиялы ойларға,
Біртегіс боп көрінеді сайлар да.
Біртегіс боп көрінеді
Қыр мұрынды қырқалар ала бөтен,
Сәулет беріп жатқандай далаға кең.
Сөйтсем, мына қашықтық қанша сырды
Сырт көздерден бүркелеп қалады екен.
Мен де сенен көп мезгіл қашық жүріп,
Назарымды жан-жаққа шашып жүріп,
Байқамаппын жаныңның жыраларын,
Жылан бұққан зымыстан ұраларын.
О, тағдырым, Тірек бол тілегіме,
Сабырлы ойдың қашырма сұрқын тіптен,
Қас пен достың қажырлы жүрегіне
Тек жақыннан қарауға мүмкіндік бер!
Ал егер мен жақыннан қателессем,
Жақын келген бақытқа қуанбасам,
Жақын тұрған биікке шыға алмасам,
Жақын жүріп жауымды танымасам,
Жақын жүріп досымды ұға алмасам,
Өз қайғыммен өзімді жазалағын,
Онда менің өзіме-өз обалым!

Сүйдіремін, деп жүріп... Сүйдіремін, деп жүріп...
Сүйдіремін, деп жүріп жалықтырып алыппын, Сағындырам, деп жүріп, ұмытылып қалыппын. Мың құбыла беретін машақаты мың дастан, Махаббаттың бітпейтін
Ұят - ең қымбат қасиет Ұят - ең қымбат қасиет
Ал менің бөтен әйелдің етегін ашып көрмегенімді, бір бөлмеде оңаша жатқан әйелдің жанына жақын бара алмайтынымды қайдан білсін?
Арыстан мен тышқан - Спандияр Көбеев Арыстан мен тышқан - Спандияр Көбеев
Көзі ұйқыда, көңілі ояу жатты арыстан Аң аулап, дымы құрып кеп алыстан Байқамай ойнап жүріп аңдаусызда, Үстімен кетті жүріп сорлы тышқан.
Мимикалық әжімнен адамның мінезін тану Мимикалық әжімнен адамның мінезін тану
Уақыт өте біз, әлбетте, қартаямыз және сол қартаюдың алғашқы белгілері – әжімдер. Терісі құрғақ, арық адамдарға, әсіресе, мимикалық әжім ерте түседі.
Сырғаңнан сылдыраған үн келеді Сырғаңнан сылдыраған үн келеді
Жүректі тербетеді ағын жүріп, Барасың бір өзіңе табындырып. Жүрсең де көз алдымда ырғатылып, Шөлдетіп барасың - ау, сағым қылып.
Егер де айта алмасам айтарымды Егер де айта алмасам айтарымды
Егер де айта алмасам айтарымды, Алжыдым, ақылымды сайтан ұрды. Қынына қылышымды салам онда, Ақ жүзі алмасымның қайтарылды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×