ойын сауық отауы
Үш жігіт пен бір шал - Спандияр Көбеев
06.03.2019 1 778 0 Дауыл

Үш жігіт пен бір шал - Спандияр Көбеев

Өлеңдер
Үш жігіт пен бір шал - Спандияр Көбеев
Жазамын тәржімәні ермек қылып,
Жұмыс жоқ еріккен соң жәй отырып,
Орнатып алма ағашын жатқан шалға,
Үш жігіт келді дағы тұрды күліп.
Жатырсың алма орнатып бейшара шал,
Не керек енді саған дүниеде мал,
Қабырдың нақ шетінде тұрған көзің,
Біздердің сөзімізге құлағын, сал.
Дүниеде есеп берер келді көзің,
Жұмылып кеткен екен екі көзің,
Қолдарың селкілдейді кәріліктен
Қақтығысып бір - біріне жатыр тізең,
Қанша айтсақ та пендесің ғой басың жұмыр,
Жатырсың мехнаттанып жек іске құр,
Бұл ағаш өсіп алма алуына,
Керек қой, ойласаңшы, екі ғұмыр.
Дәуіттей сенің жасың мыңға келмес,
Байғұс шал, сөзімізге қылма егес,
Ағашты татадағы үйіңе бар,
Бір күн түгіл, бір сағат та сенімді емес.
Бұл ісің істеп жатқан бізге лайық,
Ағашпен бірге өсетін қанат жайып,
Күш - қуат және қайрат бойда тұр ғой,
Болашақ алдағы іс, емес айып.
Шал айтты: — күлмеңдер,— деп,— шырақтарым,
Өзімдей керемін мен жұрттың бәрін,
Бұл жерде кім өлерін құдай білер,
Ісіне көз жетпейді бір алланың.
Жұмысқа мен жасымнан кеттім көніп,
Келмейді тек опырғым қолым біліп,
Немерем артта қалған пайдаланар,
Егерде ажал жетіп қалсам өліп.
Атама рахмет,— деп айтар солар,
Қабырым, қабыл болса, нұрға толар,
Жемей жүрген жеміс пе, не қылайын,
Істеген қызметіме со да бола о.
Өлім келсе, кәрі - жас деп айыра ма,
Мысалы менің айтқан сөзім тыңда,
Былтыр, биыл қанша жастар өліп жатыр,
Кәрі өліп, жас өлмесе олар қайда?
Жасымнан әрбір іске болдым құмар,
Кәрі қойдың өміріндей уақытым бар,
Алланың тағдырына кез жете ме,
Менен де сендерге өлім жақын шығар.
Шал сөзін тамам қылды соныменен
Өзінің қала берді жөніменен
Тұрмады, үш жігіт те жүре берді,
Күлісіп мазақ қылған бойыменен.
Міндеті әрбір істің құдіретте,
Ғафыл боп дүниеде жүрме текке,
Біреуі үш жігіттің кеме үстінде
Бір әйдік дауыл соғып суға кетті,
Біреуі сауда қылып бөтен жерде
Товармен жүреді екен елден - елге.
Тағдырда уақыты біткеннен соң
Ажалға қылары жоқ, о да өлді,
Ауырып қалған жігіт жылдай жатты,
Дерт жеңіп ақырында жанға батты.
Өлді деп үшеуін де естіген соң,
Манағы шал бейшара көп жылапты.
Милләткә бір қызмет жазған хатым,
Жарар еді пайдаланса ғибратын,
Келмеген жері болса кешіріңіз,
Жазушы жәй бірі кісі емес ақын.

Асыл шөп - Спандияр Көбеев Асыл шөп - Спандияр Көбеев
Үш - төрт күн жазбағалы болды хатты, Емеспін шешен мырза тілім тәтті. Екі қап алма арқалап екі қатын, Зылиқа әм Қадиша келе жатты.
Үш қатынды бір кісі - Спандияр Көбеев Үш қатынды бір кісі - Спандияр Көбеев
Бір кісі бұрынырақ еткен кезде, Бізде емес, уәлаяты бөтен жерде. Үстіне бір қатынның екіншіні ап, Жүріпті білдірместен бір - біріне.
Шортан менен мысық - Спандияр Көбеев Шортан менен мысық - Спандияр Көбеев
Қолыңнан келмес іске етпе талап, Шықпассың оныменен іске жарап, Мысалды ғибраттар толып жатыр, Түсініп пайдаланса халық бірақ.
Пәлеге ұшыраған қарашекпен - Спандияр Көбеев Пәлеге ұшыраған қарашекпен - Спандияр Көбеев
Бірі іреп, бірі сойып жиылған көп, Дал ҚЫЛДЫ басын сордың әр неме деп. Мың, түрлі сол арада ақыл берді, Шынында бір тиындық пайдасы жоқ.
Емен ағашы мен тал шыбық - Спандияр Көбеев Емен ағашы мен тал шыбық - Спандияр Көбеев
Бай болсаң, дәулетіңді көңіліңе алма, Көршіге семіздік қып қысым салма, Мықтылықты күшін, болса орнымен қыл, Бәрін де беретұғын жалғыз алла.
Сенің алма бағыңа. Қасым Аманжолов Сенің алма бағыңа. Қасым Аманжолов
Сенің алма бағыңа Шыбық шаншып кетіп ем. Алдағы өмір бағына Соны белгі етіп ем.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×