ойын сауық отауы
Қасқырға
15.05.2016 2 609 0 Дауыл

Қасқырға

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

О, сайтан!
Алмас азу, қандыбалақ,
Қанды ізің жосып жатыр, тау, жырада.
Тағы да қылаң беріп, құтылдың ба?
Тұра - тұр, көрісерміз қанжығада.
Жатқанда ойда малым, сайда малым,
Есімде емін - еркін жайғағаның,
Мен сенен бәсіремнен кегін алам,
Атам да, қанжығама байланамын.
Тас - тасты, ойды - қырды лаңдаған,
Құлқының қан ішпесе тұра алмаған,
Әлсіздерге ойнатқан әңгір таяқ,
Саған да бір зауал шақ - туар заман.
Тағылардың тағысы бөлексің де,
Сенің қаңқаң итіме керексің бе..
Бойыңдағы тоныңды тонап алып,
Өлексеңді қалдырам өлекшінге...
Әзірше жүре тұрғын тау - жырада,
Қанға бұғып жата бер маужыра да.
Ой - қырды ластаған қандыбалақ,
Көрісерге күн жақын қанжығада...
Өзгеден емес, өзімнен қорқам, сезем мен.
Көзімнен қорқам, ернімнен қорқам кезерген.
Мінерге келік, ұшарға қанат жоқ менде,
Дариға - ай, шіркін!
Қалдырып бәрін безер ме ем...
Басым бір шойын, аяғым менің қорғасын,
Мерзімі толмай ілгері кетті он жасым.
Heгe сезбесін?!
Сезеді жаным, сезеді,
Баяғы жылдар қайтадан енді болмасын.
Тұйыққа келіп, тіреліп тұрмын бір түрлі.
Көзімнің нұры көңілімде қалды іркулі.
Жылай да алмаймын, күле де алмаймын,
0, досым!
Тауып әкелші ұмыт қалдырған күлкімді.
Өзімнен қорқам өлтірген езімді өзім ғой...
Басымда ми жоқ, тиянақ таппай кезуде ой.
0, досым менің! күлкімді тауып әкелші,
Сүретін өмір, күлетін нағыз кезім ғой.„

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өмір, қымбаттым менің өлеңі Тұманбай Молдағалиев Өмір, қымбаттым менің өлеңі Тұманбай Молдағалиев
Ақшашты атадан қорқам, Өзім сондай болам - ау деп. Мүрделі жотадан қорқам, Мен де сонда қалам - ау деп,
Жұрт мені қатал дейді Жұрт мені қатал дейді
Жұрт мені қатал дейді найзағайдай мінезі шатырлаған, біреулері айтады ақыл маған: өркөкірек, тәкаппар, менменсіген...
Тағы да Майгүлге Тағы да Майгүлге
Қайтсем сенің құтылам елесіңнен?! Отырасың қасыма келесің де. Сен өлгенсің, жаным - ау, мен тірімін, Мен тірімін.
Сен Сен
Сен көрікті едің... Көріктісің! Баяғы бойыңдағы желік - күшің. He істеймін десең - дағы еріктісің, Себебі көріктісің, көріктісің!
Көрмеймін... Көрмеймін...
- Көрмеймін! - дейсің, Көрмесең, мейлің, көрмегін! Көретін көктен тәңірім емес сен менің. Көрмедің, мейлің, Көңлінді маған бөлмегін,
Ақын ініге Ақын ініге
Шоқтығына ер батқан, қайқаңдаған, Мен - бір бәйек жорғамын байпаңдаған... Күлесің - ау, Күлесің... Сайтан - бала, Сен айт менің ойымды, айта алмаған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×