ойын сауық отауы
Тілегім
01.06.2016 2 137 0 Дауыл

Тілегім

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Көрмейін рақат, жанайын,
Жалын болсын маңайым,
Күйейін, азап шегейін.
Жансын денем, күш бітсін,
Күшті жалын ішке өтсін,
Ащы, ыстық жас төгейін.
Көрмейін ерік, тұтқын боп,
Абақтыда жұтып от,
Өтсін өмірім зарменен.
Берік болсын жау қамаған,
Сарғаяйын санадан,
Көрісе алмай жарменен.
Іште толған қалың дерт,
Жүректегі жалынды от
Зарлатар мені сол уақыт.
Елестеген ерікті,
Ұшқыр жанға серікті
Жырлармын мен жан атып.
Көрген сайын көп қысым,
Зарлы, ащы дауысым
Шырқырар Сарыарқада.
Өзегіне өтпей ме,
Зарлы жайым жетпей ме
Қазағыма - қалқама!
Көрмейін рақат, жанайын,
Жалын болсын маңайым,
Күйейін, азап шегейін.
Жырыммен жаным жұбатам,
Жырыммен жұртымды оятам,
Несіне жас төгейін?!

Жастарға бата Жастарға бата
Жарылқа, Тәңір, қабыл ет, Жарылқаудың қамын ет! Бере гөр, мына жастарға Ізет - абырой, бақ - дәулет.
Жау жеңді, берік қамады Жау жеңді, берік қамады
(Әбу Фирастан) Жау жеңді, берік қамады, Кісендемін - тұтқынмын! Тамшылап қаным ағады, Сарғайтасың етпей, күн!
Сәуле Сәуле
Көрісе алмай зарығып, Сарғайысқан екі жас, Әлдеқалай тура кеп, Көріседі - көңіл мас.
Сарғайдым Сарғайдым
Сарғайдым күннен күнге қуат кеміп, Қалың ой - қара жылан жүректі еміп. Ақырын бітіп барам жанған шамдай, Көзіме ыстық жастар мөлт - мөлт келіп.
Бұлбұл Бұлбұл
Сайрайсың мұңды күймен жүз құбылтып, Кейде аяң, кейде желіс, кейде сылтып. Денені суытасың, ысытасың, Тұрасың маужыратып кейде жылытып.
Тұтқын (М. Д.- ға хат) Тұтқын (М. Д.- ға хат)
Кеудеде – от, iште – жалын, көзде – жас, Күнi-түнi қайғы жұтқан сорлы бас. Сабан төсек, дым, қараңғы жатағы, Наны қара, шайы қара, қарны аш.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×