ойын сауық отауы
Толғау - Ілияс Жансүгіров (1984 – 1938)
17.05.2019 1 189 0 Дауыл

Толғау - Ілияс Жансүгіров (1984 – 1938)

Өлеңдер
Толғау - Ілияс Жансүгіров (1984 – 1938)
(Кәнпеске кезінде)
Қозғауы қозған қоғамым,
Қолқалап әңгіме айт десең,
Қобалжимын, қозғалам,
Қозғайын десем далаңды,
Домбыраң емес, қаламды,
Қобалжимын, қолға алам.
Көңілдің күйі келмесе,
Көп мылжыңға мен саран
Көңілдің күйі кернесе,
Көтерілем, ән салам.
Бүгінгі топты жара алмас
Толғанбай Жанақ арсалаң,
Бүгінгі құлақ қана алмас,
Болдырған сөзге шаршаған
Әңгімем менің бүгінгі,
Бүгінгі жиын аңсаған.
Ағытылды әңгімем,
Ал әлеумет, ал жаран!
Әңгімем алды тыңдасаң:
Осы бір заман, қай заман?
Бұл заманың сол заман
Алатаудың бауырынан
Аспанды аршып, жел желпіп,
Алтын күрек ескен күн;
Аруақтының аулынан,
Арыстан айдан мерт болып,
Ауырған аруақ көшкен күн.
Тау сілкініп, мұз босап,
Тас желіні иген күн;
Қыр қорқаулы бөріге
Құл «жапалақ» шүйген күн;
Аунаған аруақ қордаға
Жиылып, тастай түйіліп
Ашынғандар тиген күн;
Борт - борт сынып босаға,
Орнаған аруақ ордаға,
Күң тепсініп кірген;
Алтын, күміс алынып,
Шынжырлы шен табылып,
Тығулы теңді тілген күн
Мырза мінген жорғаны
Құл шайқалтып мінген күн;
Ханша киген торқаны
Күн найқалып киген күн;
Бұл заманың сол заман,
Сөйтіп - сөйтіп түрленген,
Күннен - күнге, күннен - күн!
Бұл заманың сол заман,
Күннен күнге түрілген.
Ақ ордалар ойран боп,
Ақсүйектер сүрілген.
Аруақты белдің үстіне
Ел еркіндеп қоныстап,
Қараша үй қалың тігілген.
Я, мұны кім көрген!
Бұл бір белен біз көрген.
Бұл бір мерей біз көрген.
Айналаға қарасам,
Оралған нұрға әуе - аспан.
Күн көрем де, нұр көрем.
Нұр көргенде не көрем:
Тандыры қайнап, бұлақтап,
Тақыры жайнап шуақтап,
Бөленген нұрға жер көрем.
Нұр үстіне нұр қосып,
Нұрлы дала жерлеген
Еңбекші қазақ - ел көрем!
Ел шетінде кім көрем:
Қақпандағы қасқырдай,
Мылқау... көзін төңкерген,
Мал, мүлікті алдырып,
Елден, жерден айырылып,
Күйзеу, жүдеу, меңдеген,
Айналаны жау керген,
Алдында азап, кер керген
Қаңғырып қалған бай көрем.
Еміс те емес есітсем,
Зарлаған үні, еңіреген:
Еңірегенде не деген:
Бүліндім, біттім, таусылдым!
Енді өлемін! Енді өлем...
Ел ішінде кім көрем:
Қабандағы қорқауға,
Қан қозып, кек кернеген,
Құралысып, байды айдап,
Қуанысып, малды айдап,
Кедей көрем кенелген.
«Бірлесейік» дегенмен,
Еңбекші көрем өрлеген!..
Бұл көргендер көңілді!
Бүгінгі күн тербеген,
Тербетер бұл талайды,
Көрмеген мұны кемде - кем.
Қозғауы қозған қоғамым,
Қолқалап әңгіме айт десең,
Қобалжимын, қозғалам.
Қозғайын десем далаңды.
Домбыраң емес, қаламды,
Қобалжимын, қолға алам,
Кеше ғана ойнаған,
Темір емес, өмірді
Өзгеше соққан балғадан
Ойнаған да күй алғам;
Мінеки біздің алған күй,
Мінеки біздің салған ән.
Мінеки біздің әңгіме,
Әлі де талай толғанам.

Әншіге - Ілияс Жансүгіров (1984 – 1938) Әншіге - Ілияс Жансүгіров (1984 – 1938)
Өлеңге көңілің құмар, даусың жытар, Созылтып ән мұржасы созсаң зытар. Ән сүйгіш, жылы көңіл, сөзге таңсық Жылпыңдар жылы сөзді неге ұмытар?
Заман – Ілияс Жансүгіров Заман – Ілияс Жансүгіров
Зар, зар, зар, зар заман, Зарлатып өткен о заман. О заман кетсін өзімен, Күлдірген бізді бұ заман.
Аяныш - Ілияс Жансүгіров Аяныш - Ілияс Жансүгіров
Өлең қурап, жер кеуіп, Су суалып, көл кеміп, Сай - саладан шөп кетті. Ағайын арзан, ел салқын, Қатын қайқаң, ер салқын, Кеңесті тастап көп кетті.
Жаңылғаным Жаңылғаным
Жалғанды «жазықты» деп жамандадым, Ол жазықтан өзімді амандадым. Ойладым да отырдым ел табуға, Заманнан жақсы досты таба алмадым.
Жыбырлақ Жыбырлақ
Көңілім қорқақ, Тілім шорқақ, Мінсіз емес бозбала! Өнерім аз,
Қосылыс Қосылыс
Қосылды міне екі жас, амандасты, Қара көз, қас қағылып, хабарды ашты. Майысып балдырғандай қыз толысып, Жігітке берді ләззат таб алмасты.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×