ойын сауық отауы
Өтірік өлең
08.07.2020 2 414 0 Enlik Zhumash

Өтірік өлең

Өлеңдер
Көбелекпен дос болдым,
Содан бері оң жолым.
Көбелекте қанат жоқ,
Шешіп тастап жүр тонын.

Арыстанға жеткізді,
Сермеп қойып бір қолын.
Амандасты аң патша
Маған атты бір соғым.

Өрмекшіміз алжыды,
Танып білмей оң - солын.
Кездестірдім түлкіні
Еңіреніп жүр долым.

Жолбарыспен кездестім,
Қой сықылды тым момын.
Қыс қамына қамданып
Тоқып жатыр ол тоқым.

Аюым жүр орманда,
Жылдам теріп құр қоқым.
Сылаңданып билейді,
Көл бетінде бір тотым.

Сөйлеудің хас шебері
Қасқыр дейтін бір досым.
Жалқау дейтін жануар,
Тап береді ол тосын.

Жыртқыш болып алыпты
Жасақтайды бұл қосын.
Жұмыс бердім аралап,
Іске бәрі жарамақ.

Ай сайын ақша төледім
Ауадан алып саралап.

Әй, күйгелек досым-ай Әй, күйгелек досым-ай
Әй, күйгелек досым - ай, Көңіліңнің босын - ай. Сүйретіліп өмірде, Жеткен жерің осы ма - ай?!
"Бүйрек" салт "Бүйрек" салт
Соғым сойғанда үлкенге сыбаға жіберу, соғым басына шақыру ежелгі жақсы дәстүрлердің бірі.
Қанат Исламның соңғы жекпе-жегі (видео) Қанат Исламның соңғы жекпе-жегі (видео)
Қазақтың алтын қолғап шебері, қандасымыз Қанат Ислам Мексикалық Норберто Гонсалеспен кездесіп, кәсіби спорттағы 24-ші жеңісіне қол жеткізді. Жеңіс
Құлыным Құлыным
Жазда болдым жайлауда, Уақыт жоқ ойнауға. Көмектестім апаға, Көмектестім атама.
Ең жақсы өлең Ең жақсы өлең
Таудай сөздің түйіні бар тарыдай, Өлеңнің де бермейді ғой бәрі ұнай. Маған Пушкин - «Есімде өткен сол бір шақ» Маған Абай -«Желсіз түнде жарық ай».
Төлегенге Төлегенге
Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның, Қызарып батты ертеңгі шығатын күн. Торғай - өлең шырылдап бара жатты Аузында ажал дейтін сұрапылдың.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×