Жанайқай
Өлеңдер
Жанайқай
(көліктің терезесінен лақтырылып, туа сала өлім құшқан сəбидің монологы)
Келдім. Кеттім. Мен сендерге не жаздым,
Анашым - ай, осыншалық неге аздың,
Жатырыңнан сəл кеңірек көліктен,
Басқа əлемді көрсетпедің неге аз күн?!
Анашым - ай,
Құлақ салшы, құрсағыңда бүрлегем,
Шаранаңмын бір күн өмір сүрмеген.
Сыртқы əлемнің салқындығын сезуші ем,
Бірақ мұнша суықтығын білмегем.
Сен жылытар деп ем тəнім мұздаса,
(Алдандың ғой, жұрт сөкпес ед сізді аса)
Кім емеді айтшы соны, анашым,
Сүтке толып, ақ мамаңыз сыздаса?!
Əділдік пе туа сала өлмегім,
Маған неге сұлу есім бермедің,
Шілдехана жасамады əкем де
Атамның да түрін неге көрмедім?!
Əжетайым,
Жанды ауыртып, кіндігімді жұлмалап,
Құтылуға асықтың - ау жылдам - ақ.
Бесігіме бөлеп қойсаң мен сенің,
Мазаңды да алмас ем ғой іңгəлап.
Болар ем ғой, қолғанатың, ермегің,
Əзірейілім боп шықтың ғой сен менің.
Əжетай - ау, əлдилегің келмесе,
Баласы жоқ жанға неге бермедің?!
Əулетіңді тұздай құртып жоймақ па ең,
(Тілегіңді қабыл етіп қойды əттең).
Əйнегінен лақтырғанда көліктің,
Аспанға ұшып кетеді деп ойлап па ең?!
Қазағым - ай,
Сап - сау тудым, Ер болар ем ту алған,
Ерлігімді намысыма суарған.
Қазақ деген елдің ұлы болам деп,
Жатырыңа біткен кезде қуанғам!
Қазағым - ай,
Қысқа күнде қырық өлең шығарған,
Ақын ұлттың ұлы болу - ұлы арман.
Мен, əу баста, Жаратқаннан сол үшін,
Мына сенің жатырыңа сұранғам!
Ей, адамдар,
Мен жолдамын, мені ұмытып кетпеңдер,
Аза тұтып жатыр маған Көк пен Жер,
Тым құрыса баспаңдаршы миымды,
Жинап алсын кептерлер!...
(көліктің терезесінен лақтырылып, туа сала өлім құшқан сəбидің монологы)
Келдім. Кеттім. Мен сендерге не жаздым,
Анашым - ай, осыншалық неге аздың,
Жатырыңнан сəл кеңірек көліктен,
Басқа əлемді көрсетпедің неге аз күн?!
Анашым - ай,
Құлақ салшы, құрсағыңда бүрлегем,
Шаранаңмын бір күн өмір сүрмеген.
Сыртқы əлемнің салқындығын сезуші ем,
Бірақ мұнша суықтығын білмегем.
Сен жылытар деп ем тəнім мұздаса,
(Алдандың ғой, жұрт сөкпес ед сізді аса)
Кім емеді айтшы соны, анашым,
Сүтке толып, ақ мамаңыз сыздаса?!
Əділдік пе туа сала өлмегім,
Маған неге сұлу есім бермедің,
Шілдехана жасамады əкем де
Атамның да түрін неге көрмедім?!
Əжетайым,
Жанды ауыртып, кіндігімді жұлмалап,
Құтылуға асықтың - ау жылдам - ақ.
Бесігіме бөлеп қойсаң мен сенің,
Мазаңды да алмас ем ғой іңгəлап.
Болар ем ғой, қолғанатың, ермегің,
Əзірейілім боп шықтың ғой сен менің.
Əжетай - ау, əлдилегің келмесе,
Баласы жоқ жанға неге бермедің?!
Əулетіңді тұздай құртып жоймақ па ең,
(Тілегіңді қабыл етіп қойды əттең).
Əйнегінен лақтырғанда көліктің,
Аспанға ұшып кетеді деп ойлап па ең?!
Қазағым - ай,
Сап - сау тудым, Ер болар ем ту алған,
Ерлігімді намысыма суарған.
Қазақ деген елдің ұлы болам деп,
Жатырыңа біткен кезде қуанғам!
Қазағым - ай,
Қысқа күнде қырық өлең шығарған,
Ақын ұлттың ұлы болу - ұлы арман.
Мен, əу баста, Жаратқаннан сол үшін,
Мына сенің жатырыңа сұранғам!
Ей, адамдар,
Мен жолдамын, мені ұмытып кетпеңдер,
Аза тұтып жатыр маған Көк пен Жер,
Тым құрыса баспаңдаршы миымды,
Жинап алсын кептерлер!...
көліктің терезесінен лақтырылып туа сала өлім құшқан сəбидің монологы Жанайқай жаңа туылған баланың анасына айтқан назы
Сабыр етші. Қасым Аманжолов өлеңі
Неге мұнша, сорлы жүрек, соғасың? Неге күйіп, неге мұздап тоңасың? Арпалысып тыныш жата алмай ұяңда, Неге мұнша мазасыз сен боласың?!
Көңілім, неге жасисың
Көңілім, неге жасисың? Миым, неге ашисың? Ой түбіне жете алмай, Жүректі тырнап қасисың.
Қоштасарда
Қоштасу кезі келгенде жаутаңдап маған қарадың. "Жүрмейсің бірге сен неге?" Дегендей болды жанарың.
Дана - Кешірмейсің сен неге?
Айтшы неге алыстадың менен, Сөзің қайда біздің тілек бірге деген? Жүрегімді қинап, тағы да мұң сыйлап кеттің. Қанша ма күн сені, қанша ма күн сені