ойын сауық отауы
Сол түні
11.05.2016 3 107 0 Дауыл

Сол түні

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Ауады да тұрады, аңсарым - ай!
Әлі сен есімдесің, Аршалы сай.
Сол түні неге мені өлтірмедің?
Сол түні риза едім алса құдай.
Сен куә, Аршалы сай,
Сол түні мен, аққуға тұзақ салын, өлтіріп ем.
Сол түні неге мені аяп қалдың?
Жаңадан ауызданған бөлтірік ем.
(Бөлтірік ем, арлан боп аяқтандым.)
Шырылдап сонда сені оятқан кім?
Есіңде ме, Көз жасы...
Жалынышты үн?..
Сол түні неге мені аяп қалдың?!
Қара түннің ішінде, қара бақтың,
Атар таң, келер күнге қарамаппын.
Тағдырдың өзі берген махаббатты,
Тәрк етіп, мәңгілікке жаралаппын...
Аршалы сай!
Неғылған көркем едің!
Сол түні неге мені өртемедің?
Сол түннің қияметін есіме алсам,
Сенен де, өзімнен де жиіркенемін.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қадір түніне байланысты жиі кездесетін 7 сұрақ Қадір түніне байланысты жиі кездесетін 7 сұрақ
Қадір түні мүмкіндігінше ұйықтамаған дұрыс. Мақсат - тек ұйықтамай, ояу жүру емес, дұрысы дұға - тілек жасап, ренжіткен адамдарды кешіріп, намаз
Шүкір, шүкір! Шүкір, шүкір!
Нақ сол түні ақынға үкім кесілді, дар арқаны - бір қыл арқан есілді. Бір ат арба туарылды сол түні, бір айбалта суарылды сол түні.
Нарын түні Нарын түні
Сары иық Нарын құмының Күзгі түні тартты ызғар, Жарығы ай нұрының Жерден ине тапқызар.
Поэзия Поэзия
Поэзия! менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген
Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген, (Сонау бір соғыс жылы естіген ем) Әредік, елдеқалай есіме алсам, Қос басы, қою қара кешті көрем.
Жарым Жарым
Кердең - кердең жүресің сен, не таптың? Мен айтайын - айнымайтын жар таптым. Күндіз - түні жар қойнында жатамын, Естімеймін уын - шуын жан - жақтың.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×