ойын сауық отауы
Ескі Түркістан
02.06.2016 3 002 0 Дауыл

Ескі Түркістан

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

1. ЕСКІ ШАҺАР
Ескі шаһар - таң дүние,
Салар болсаң назарың,
He көресің?
Көресің -
Майдан сайын мазарын.
Мазар сайын мың сопы
Саулатып тұрған ғазалын.
He көресің?
Көресің -
Мөлиген мешіт ажарын.
Мешіт сайын сан молда
Аңыратып тұрған азанын.
He көресің?
Көресің -
Ыңыл-жыңыл базарын -
Бүлкілдетіп әр жерде
Қайнатып жатқан қазанын.
He көресің?
Көресің...
Тоқтайын, талар назарың!

2. АРБАКЕШ
Ыңылдайды арбакеш,
Арбаңдайды арбасы.
Ырғалады ол, ырғалад
Астындағы жорғасы.
Қойнында бар қауыны,
Қолында қызыл алмасы.
Кұлаққа гүл қыстырған,
Берген шығар қарғасы.
Сағыздай созар сәлемін,
Қарсы келсе молдасы.
Мешіт көрсе, мөлиед
Тұрғандай төніп Алласы.
Өте берсе орыстың
Бүлкіл бөксе маржасы -
Ыңылдайды арбакеш,
Арбаңдайды арбасы!

3. ӘЙЕЛ
Пәренжі үсте - бітеу қап,
Бетінде перде - шімбеті.
Шімбетінің астында
Гүл шырайлы шын беті.
Желпіне алмай, жамылып,
Быршып тұрған тер беті.
Шаңырақ сырға құлақта,
Мөлт-мөлт еткен меруерті.
Зәмзәм құйған құтыдай
Домаланған келбеті.
Тарта беру тымпиып -
Көшеде оның міндеті.
«Ағузы біллеһи, әйелге
Мұтлақ харам ер беті».
Түркістанның тақсыры-ай,
Құдіреттен күшті-ау құдіреті.

Бақытсыз екен демесін. Бақытсыз екен демесін.
Жанымды кезіп елесің, Сен маған үміт бересің. Шын бейнеңді көрсетіп, Айтшы сен қашан келесің.
Көнеміз де... Көнеміз де...
Қайтер едің өмірге келмегенде, Көнесің де... Қайтесің көнбегенде? Көресің де... Қайтесің көрмегенде? Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенде.
Өлең деген тумайды жайшылықта Өлең деген тумайды жайшылықта
Өлең деген тумайды жайшылықта, Өлең деген тулайды қайшылыңта. Ақын болсаң жарқыным, алысқа аттан, Күнделікті тірлікке бой суытпа.
Тауға келсең Тауға келсең
Тауға келсең, қыста емес, Күзде келгін! Қарсы алдыңнан табылар іздегенің. Жапырақтың көресің әлі - дағы, Тіршіліктен күдерін үзбегенін.
Бұзылған үй Бұзылған үй
Тәкаппар таулар жатқан жан - жағында, Барып қайт салқын жайлау, малды ауылға. Бір жер бар «Қарасаз» деп аталатын, Көресің жолың түсіп барғаныңда.
Г. Н. Потанинге Г. Н. Потанинге
Атақты Сібір ұлы қарт Потанин, Ер сүйсе, сендей сүйсін ел Отанын. "Қазақсың, қалмақсың" деп алалау жоқ, Отанның тең көресің барша жанын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×