ойын сауық отауы
Сізді жаман дегеннің өзі жаман
18.11.2020 3 497 0 Admin

Сізді жаман дегеннің өзі жаман

Өлеңдер

Болмаңызшы жұрт айтқан сөзіне алаң,
Сізді жаман дегеннің өзі жаман.
Білемін ғой,
Жазықсыз жаны ауырған
Ұзақ уақыт ұмытпас кезін адам.


Басқаларға қадірсіз жан шығарсыз,
Бір асылдың боласыз көзі маған.
Мен де болғам құрбаны жамандардың,
Күйіңізді бұл сәттік сезіне алам.
Өмір атты майданда менің дағы
Кездерім көп мұңайған, не жылаған.


Дақ түспесін, Құрметтім, арыңызға,
Мен қуанам өмірде барыңызға,
Бұл безбүйрек қоғамға дауа бар ма,
Мұң арттырған жазықсыз жаныңызға.
Арзымайтын жандардың арзан сөзі --
Құр бекерге тимесін шамыңызға.


Жігеріңіз құм болып,
Соған бола,
Суға бекер кетпесін салыңыз да.
Бір Алла, деп
Басыңыз алға қадам,
Әрбір атқан ШҮКІР, деп таңыңызға.


Санжар Ғұлама


Дос керек маған... Дос керек маған...
Бұл көңіл деген бола бермейді - ау босқа алаң, Шарқ ұрып кейде іздейді екен дос - жаран. Айналам толы ниеті түрлі пенделер, Шегінем бір рет -
Сүйіпсің мені... Сүйіпсің мені...
Сүйіпсің мені, Мен,- дедім,- неткен бақытты ер, Арнапсың жаухар жырыңды "маржан - жақұт", дер. Өмірімді ойран еткен опасыз бір жан бар, Көңілімді
Әтеш пенен меруерт тас - Спандияр Көбеев Әтеш пенен меруерт тас - Спандияр Көбеев
Мыс қылар алтыныңды жаман адам, Қайдан білсін жақсы - жаманды надан адам, Асылдың қадырын біліп қалай тұрсын, Көрмеген өмірінде тазына адам.
Жамандық, жаман адам туралы мақал - мәтелдер Жамандық, жаман адам туралы мақал - мәтелдер
Арбадан үркіп жаман ат ер салдырмас жал бітсе. Қасына қоңсы қондырмас қас жаманға әл бітсе (Есет би).
Күйеу туралы мақал - мәтелдер Күйеу туралы мақал - мәтелдер
Күйеу туралы мақал - мәтелдер Күйеу жүз жылдық Жаман күйеу қайынсақ. Жаман күйеу таң атқан соң сөз қатады.
Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1 Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1
Еріншек қатынның Етегі жыртық. Ерке қатынның Ерні тыртық.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×