ойын сауық отауы
Ұқсап тұр - ау аумай - төкпей бір кісіге!
11.12.2020 1 759 0 Admin

Ұқсап тұр - ау аумай - төкпей бір кісіге!

Өлеңдер

Ойпырмай!

Күлкісі де, түр - түсі де,

Ұқсап тұр - ау аумай - төкпей бір кісіге!

Аумаған бесіктегі өзім екен,

Ілескен ізгілердің үрдісіне.


Сәбиім, айналайын періштем - ау,

Қарасам, тым аңғалсың беріш - танау!

Түсінші, мына заман аямайды,

Адалды адастырар теріс қарай.


Менде өзім адалдықтан талай аздым,

Жырымда ол жөнінде талай жаздым.

Еселеп есем кетті есерлерде,

Құным да құшағында талай таздың.


Ойпырмай!

Күлкің қандай, күлкің қандай!

Ұқсайсың ақ шабаққа бұлқынғанда!

Сен, өзің періштесің бейкүнәлі,

Білмеймін, айналаңда жұртың қандай?!...

Биғали Шоман


Алты жасар Төлеге берген Қарасай бабаның батасы Алты жасар Төлеге берген Қарасай бабаның батасы
Қарасай Әлібекпен еді құрбы, Сөйледі оңашада мына сырды: Басында билігінің талай болдым, Қақ жарды сұрауында қара қылды.
Неге жасаймын Неге жасаймын
Сусыз, шетсіз шөлдерден Тұманды, түпсіз көлдерден, Адамдық көші өткенше! Қасқыр мен қой дос болып, Достықсыз өмір бос болып,
Қазына Қазына
Америка ашқандай Аштық талай өңірді. Кедергісіз ешқандай Қаздық қанша көмірді!
Құр айғай бақырған Құр айғай бақырған
Құр айғай бақырған Құлаққа ән бе екен? Өнерсіз шатылған Кісіге сән бе екен?
Байқа, қалқам! Байқа, қалқам!
Байқа, қалқам! Қалай?!! Қалай?! Қалқам, маған не дедің?! Meн өзімді зерттей алмай келемін.
Жер жүзін топан басса екен Жер жүзін топан басса екен
Жер жүзін топан басса екен! Асқар таудан асса екен! Таудай толқын құтырып, Улы көбік шашса екен!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×