ойын сауық отауы
Көз жұмар болсам...
31.01.2021 1 221 0 Admin

Көз жұмар болсам...

Өлеңдер
Көз жұмар болсам...

Көз жұмар болсам,
Көз жұмар болсам кенет мен,
Табытқа, достар, салыңдар орап желекпен.
Кеттің - ау, шүкір!
Келме, деп тағы,
Артымнан,
Су төгіп жібер, сорғалап тұрған шелекпен.

Өсектен тілім таппады дамыл тірімде,
Құранмен жуа білмедім жүрек кірін де.
Алладан келген бес парыз болса пендеге,
Атқара алмай сорладым соның бірін де.

Болмағыр затқа ұрсысқан пақыр пендемен,
Талайдың жанын ауырттым, бәлкім, мен деген.
Не қайыр мендей сорлыдан сөзге көнбеген,
Ақылға келіп, ашуын тағы жеңбеген.

Аурушаң ұл боп өмірдің ашқан есігін,
Аяма мені - жатып ап күткен несібін.
Жылама апа, сен дағы,
Өмір заңы - бұл,
Табытқа бір күн айналса егер бесігім.

Обал - ай, жаным!
Кеудеме біткен қор мына,
Өмірдің мәнін ұқпаған мендей сорлыға.
Ашына болған нәпсіге,
Мендей пенденің,
Басына бақыт алмады - ау, сірә, орныға.

Көз жұмар болсам,
Көз жұмар болсам кенет мен,
Табытқа, достар, салыңдар орап желекпен.
Кеттің - ау, шүкір!
Келме, деп тағы,
Артымнан,
Су төгіп жібер, сорғалап тұрған шелекпен.
Санжар Ғұлама

Өмірдегі мойындағымыз келмейтін ең ашы шындықтың бірі, ол - өлім. Жыл бұрын жазған өлеңім еді. Сөкпеңіздер. Ақынның ойынан барлық дүние өтеді екен. Көмейіме келген сөзді қалқалап қалалмадым.

Кешір, мені! Кешір, мені!
Жеңдіре алмай ақылға ашуымды, Әбжыландай шашыппын, рас, уымды. Енді сені көргенде қыпылықтап, Бой көрсетпей, қарашы, қашуымды.
Кеудем неге сөйлеп тұр төгіліп күй. Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Кеудем неге сөйлеп тұр төгіліп күй. Танакөз
Кеудем неге сөйлеп тұр төгіліп күй? Үздіктірген бұл неткен еңілік күй? Еркелеймін. Күлемін. Ынтығамын. Сүйер болсаң, дәл мендей егіліп сүй!
Әже Әже
Тентек болсам, ашынып, жақсы іс қылсам, асырып, маған сақтап жүреді тәттіні де жасырып.
Шығамын тірі болсам адам болып Шығамын тірі болсам адам болып
Шығамын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып. Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе, Жүргенше өмір сүріп, надан болып.
Қойшының әләуләйі Қойшының әләуләйі
Әләуләй, әләуләй, әләуләй! Ылғи ет жеп жүреді елде болысың - ай. Ылғи ғана құйрық пен бауыр жер едім, Егер ғана мен де болсам ауылнай, ауылнай.
Кереметі - ай, мына жарық сәуленің Кереметі - ай, мына жарық сәуленің
Кереметі - ай, мына жарық сәуленің! Езу тартып барады, әне, әлдекім, Алатау да жатыр, әне, сәнденіп, Ал мен болсам, бір жаныммен әуремін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×