ойын сауық отауы
Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынов
05.06.2016 12 564 0 Дауыл

Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынов

Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынов

Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың - жың орман,
Оянып жан - мақұлық түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ - тоқ даусы,
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң - шұң орған.
Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!
Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны

Мектепке шақыру - Спандияр Көбеев Мектепке шақыру - Спандияр Көбеев
Балалар, жиналыңыз мектепке ерте, Мәз болмай деген сөзге «мырза, ерке». Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты Зат емес надан кісі алар текке.
Егіннің бастары Егіннің бастары
Ахмет Байтұрсынов Бір адам жас баласын жанына алды, Екеуі сайран етіп кетіп қалды. Қыдырып әрлі - берлі жүрді дағы, Егінші егін еккен жерге барды.
Қа... қаласына Қа... қаласына
Қош! Сау бол, Қа.... жуылмаған, Айдай бер, қалса адамың қуылмаған. Әдепті, сыпайы елдің қалпында жоқ Жасырын дыбыс шықты шуылдаған.
Сөз иесінен Сөз иесінен
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса, Сап-сары, аяқтары ұзын маса: Өзіне біткен түсі өзгерілмес, Дегенмен қара, яки қызыл маса.
Жадовскаядан Жадовскаядан
Мінсіз таза меруерт Су түбінде жатады. Мінсіз таза асыл сөз Ой түбінде жатады.
Бақ Бақ
Бұлттар басып жасырған, Жана түсіп басылған, Таң шапағы сөніп тұр. Жаңаланған өмірден, Жаңа шығып көрінген
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×