ойын сауық отауы
Қабылдар болсаң мұңыммен бірге қабылда...
03.04.2021 2 349 0 Admin

Қабылдар болсаң мұңыммен бірге қабылда...

Өлеңдер
Қабылдар болсаң мұңыммен бірге қабылда...
Құлақ түр, жаным, ішімнен шыққан "дабылға",
Қашанда қуант қасымнан менің табыл да.
Сабылма бекер қуанышымды қош көріп,
Қабылдар болсаң мұңыммен бірге қабылда.

Сүйемін, десең,
Жүрекке мендік ашық жол,
Жаныңды жалмар жаманнан, жаным, қашық бол.
Сүйемін, десең сүйіктің болам, өтінем,
Тек менен бұрын
Мұңыма менің ғашық бол.

Дейсің ғой маған:
- Көзіңмен күлкің ұнап тұр,
Сезімнен шертер қиылдың өлең сұрап бір.
Жырымды менің тыңдаудан бұрын, өтінем,
Ішімнен шыққан мұңыма менің құлақ түр.
Санжар Ғұлама

Елемедің... Елемедің...
Ары өттім қасыңнан, ЕЛЕМЕДІҢ! Бері өттім қасыңнан, ЕЛЕМЕДІҢ! Сен дегенде бұлқынған асау аттай, Көңілімді сезбейсің неге менің?!
Сені сүйдім... Сені сүйдім...
Сені сүйдім, Жансерігім,- деп келем, Өміріме көрік берген көктем ең. Қысқы ызғар жауратса да жаныңды, КӨҢІЛІҢДІ СУЫТПАШЫ тек менен.
Кешірші Кешірші
Мазалайды ойлар өзіммен өзім қалғанда, Істеген ісім бес күндік мына жалғанда. Бұрынғы менің алаңсыз кезім қай жақта, Ақ таңда тұрып қағатын қанат
Бауыржан Ретбаев - Қазір айтшы Бауыржан Ретбаев - Қазір айтшы
Бауыржан Ретбаевтың "Қазір айтшы" жаңа әніне бейнебаян
Жанарым Жанарым
Түспесін десең, егер сезімге кір, Жанарым, менің ылғи кезімде жүрі Жамандық көрсең менің қабағымнан, Жас болып төгіліп кет жанарымнан.
Azaliya - Өзіңмен бірге Azaliya - Өзіңмен бірге
Azaliya Өзіңмен бірге
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×