ойын сауық отауы
Жүргіншілер мен иттер
06.06.2016 2 371 0 Дауыл

Жүргіншілер мен иттер

Өлеңдер
Кеш мезгіл келе жатты екі кісі,
Сөйлесіп, кеңесерлік болып ісі.
Арсылдап бір ит шығып қақпа астынан,
Бөлінді екеуінің әңгімесі.
Жүгірді және бір ит оны көріп,
Артынан тағы ит шықты оған еріп.
Жиылды сол арада қырық-елу ит,
Бірінің даусын естіп бірі келіп.
Біреуі жүргіншінің сонда тұрып,
Ойлады қуалауға таспен ұрып.
Жолдасы жанындағы оған айтты:
«Қарама, неғыласың мойның бұрып.
Өшігер олар қайта мұнан жаман,
Тыймассың кесек атып лақтырып.
Үндемей жайымызға жүре берсек,
Өздері қояр әлі-ақ үріп-үріп».
Бұл сөзді екеуі де қабыл етті,
Иттерден қырық-елудей қадам өтті.
Басылып бірте-бірте дауыстары,
Кешікпей алды-алдына тарап кетті.
Тағы да бір сөз айтар келді ретім,
Жаратқан түрлі мінез Құдіретім.
Біреудің малын, яки бағын күндеп,
Күншілдер жоқ па шулап итше үретін?!
Күндесін, шуылдасын, қылсын өсек,
Етпелік, сөйлеп жүр деп, сөзін есеп.
Иттердей үріп-үріп тарап кеткен,
Қояды шулап-шулап, үндемесек.

Есек пен сандуғаш - Спандияр Көбеев Есек пен сандуғаш - Спандияр Көбеев
Отырған сандуғашқа келді есек, Аузынан сөзі шығып кесек - кесек, — Әй, бұлбұл, сені әнші деп естіп едім, Сайрашы сынайын мен өзім естіп.
Әкім тілеген көлбақалар - Спандияр Көбеев Әкім тілеген көлбақалар - Спандияр Көбеев
Бір күні шалшықтағы көлбақалар, Жан - жағын жинауға бір етіпті жар. Бұзылып халық кетті бетімен деп, Қызметсіз құр тұрудың не мәні бар.
Төбет Төбет
Түн бойынша сақ төбет, Үріп шықты шарқ ұрып, Жауды біліп аңдыған. Ac бермеді бәйбіше:
Кісі мен аю Кісі мен аю
Бір Адам айдалада елден жырақ, Жеке - тақ, жапан түзді қылды тұрақ. Жаяулық, жалаңаштық жақсы емес қой, Жалғыздық олардан да қиынырақ.
Иттің достығы Иттің достығы
Бір байдың Төрткөз, Мойнақ төбеттері, Өздері, ит болса да, әдепті еді. Түнде үріп, күндіз үрмей, жай жатататын Болады әдепті иттің әдеттері.
Екі бөшке Екі бөшке
Көшеде екі Бөшке келе жатты, Бірі бос, екеуінің бірі зат - ты. Ішінде заты бары жай аяңдап, Салдырлап келе жатыр босы қатты.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×