ойын сауық отауы
Шал мен жұмыскер
06.06.2016 2 906 0 Дауыл

Шал мен жұмыскер

Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынов

Шал қайтты малайымен пішен шауып,
Бәлені сезе ме адам тұрған бағып.
Орманмен кешкітұрым келе жатты,
Баратын елге тура бір жол тауып.
Тап берді қарсы алдынан аю шығып,
Болмады айла етерге о ғып, бұғып.
Үстіне Шалдың аю қонып қалды,
Сорлыны ә дегенше жерге жығып.
Жұмарлап, басып - жаншып аю шалды,
Жемекке енді бастап ыңғайланды.
«Бауырым, Пәленшежан, айыршы - ай», - деп,
Малайға Шал жалынып, қолқа салды.
Малайы темір айыр, балтаны алып,
Аюды жықты, басын, ішін жарып.
Қан - қан боп үсті - басы, өлейін деп,
Қорқырап аю жатты ыңыранып.
Шал тұрып енді орнынан есен - аман,
Жақындап жұмыскерге келді таман:
«Әумесер, ақылың жоқ, ит - доңыз!» - деп,
Байғұсты балағаттап, сөкті жаман.
«Ұрсасың неге, Шалым, маған, - деді, -
Сөккендей не істедім саған? - деді. -
Жазғаным, менің сені аю - жаудан
Айырып алғаным ба аман?!» - деді.
Шал айтты: «Көрмеймісің не еткеніңді,
Желігіп жындануға жеткенінді,
Бардай - ақ әкең құны, сонша шаншып,
Терісін іске алғысыз еткеніңді?!»

* * *
Сөз жаздым үгіт үшін бозбалаға,
Осындай елде уақиға аз ғана ма?
Қайырың наданға еткен - шашқан мүлкің,
Болады рәсуа құр далаға.
Құдайым, жолдас қылма жамандарға,
Көзі тар, көңілі соқыр надандарға!
Жақсылық етсең де бір, етпесең де,
Жақпайсың кей ақымақ адамдарға.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны

Қожа - Сәбит Дөнентаев Қожа - Сәбит Дөнентаев
Бір ақмақ қожа дейтін бопты бұрын, Қараңыз бұл қожаның ақмақтығын, Жер қазды ай - далада бір күн қожа, Аямай барлық күшін, көрмей шығын.
Қайғылы сұлуға Қайғылы сұлуға
Көркің хор, періште еді сенің жаның, Ойлаушы ең күні - түні көк аспанын. Мінезін адамзаттың сынамаққа, Мезгілді орын ғып ең бұл жалғанын.
Шымшық пен көгершін Шымшық пен көгершін
Бір Шымшық торға түсті соры қайнап, Барды ма, кім біледі, ажал айдап. Бәлені қаза менен қайда деме, Ғаріп боп, отыр сорлы көзі жайнап.
Шал мен ажал Шал мен ажал
Орманнан бір шал қайтты отын алып, Бүкшеңдеп, көтере алмай, өліп-талып. Отынын жерге қойып, біразырақ Қисайып жатты байғұс ойға қалып:
Жарлы бай Жарлы бай
Бір күні Жарлы отырып ойға қалды, Байларға кейбір сараң көзін салды. «Ішіп - жеді, рақатын көрмеген соң, Не керек, - деді, - жиып пұл мен малды
Ат пен есек Ат пен есек
Біреудің есегі мен бар еді Аты, Апарар бір қалаға болды заты. Аты мен есегіне артып алып, Аяңдап жолға түсіп келе жатты.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×