ойын сауық отауы
Қара бұлт
06.06.2016 3 397 0 Дауыл

Қара бұлт

Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынұлы

Даланың күнге күйіп, аптап өткен үстінен
Бұлт шықты қаптап көктен.
Қуанды шаруалар «я, Құдайлап!»,
Жерді бір суарар деп қурап кеткен.
Жауар деп тұрды халық үміт етіп,
Тамбастан өте шықты құр желдетіп.
Теңізге барды да бұлт құя салды,
Далаға қурап тұрған жаумай кетіп.
Теңізге пәрменінше құя салып,
Мақтанды мырзасынып тауға барып.
Тау айтты: «Сен мақтанып келіп тұрсың,
Мен тұрмын бұл ісіңе қайран қалып.
Егер де сол қадарлы жаусаң жерге,
Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге,
Көк шығып, жер отайып, егін өсіп,
Қандай зор тиер еді пайдаң елге!
Не қайыр қазір сенің жауғаныңнан,
Сенсіз де су жетерлік теңіздерде!»

* * *
Жиылып кеңес тындап отырғандар,
Ғибрат мұнан да бар алсаңыздар.
Бұлттай жерге жаумай, суға жауған
Қазақта іс ететін көп адамдар.
Жұмсамай тиісті орынға мал, өнерін
Біреулер жүреді, оған не амал бар?!
Мысалы, қазақ - дала, орыс - теңіз,
Даланы, шама келсе, көгертіңіз.
Мұң десең, мұқтаж десең - қазақта көп,
Емес пе мұны ойламақ міндетіңіз?
Мақал бар: «Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан асса, - деген, - досқа істеңіз».
Мен мұны арнап жаздым замандасқа,
Шаш қойған өзімменен ғамалдасқа.
Бұл сөзді сендерге айтпай, кімге айтамын,
Болады асыл таста, ақыл жаста.
Қарышта өз жұртыңа, барың болса,
өзге елдің өзінде көп бізден басқа.

Емен ағашы мен тал шыбық - Спандияр Көбеев Емен ағашы мен тал шыбық - Спандияр Көбеев
Бай болсаң, дәулетіңді көңіліңе алма, Көршіге семіздік қып қысым салма, Мықтылықты күшін, болса орнымен қыл, Бәрін де беретұғын жалғыз алла.
Аяныш - Ілияс Жансүгіров Аяныш - Ілияс Жансүгіров
Өлең қурап, жер кеуіп, Су суалып, көл кеміп, Сай - саладан шөп кетті. Ағайын арзан, ел салқын, Қатын қайқаң, ер салқын, Кеңесті тастап көп кетті.
Өмір Өмір
Мана көкті қаптап еді қара бұлт, Күн күркіреп қорқытып, ұшырып құт: Көк тұнжырап мұңайып, қабақ жауып, Көз ашқанда аспанда жарқылдап от.
Еменнің түбіндегі шошқа Еменнің түбіндегі шошқа
Түбіне бір Еменнің Шошқа келіп, Жемісін жерге түскен жеді теріп. Тойған соң келістіріп ұйықтап алып, Еменнің түбін қазды тұра келіп.
Сары шымшық Сары шымшық
Мақтанып сары Шымшық шалқып - тасты, «Теңізді өртеймін!» деп лақап шашты. У - шу боп, бұл хабарды естіген соң, Теңізді тастап, құстар үркіп қашты.
Егіннің бастары Егіннің бастары
Ахмет Байтұрсынов Бір адам жас баласын жанына алды, Екеуі сайран етіп кетіп қалды. Қыдырып әрлі - берлі жүрді дағы, Егінші егін еккен жерге барды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×