ойын сауық отауы
Оразада
02.05.2016 2 178 0 Дауыл

Оразада

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Тай алдында тамылжып,
Тәтті ұйқыға батқан шақ.
Бір тамақтың қамын жеп,
Ұйқылы - ояу жатқан шақ.
Тұра салып төсектен,
Дір қалтырап киініп,
Ойға кірер: «Кешікпен,
Уақыт бар»,- деп сүйініп.
Ауыз ашып, қол салып,
Ашылмай жөнді де көзі,
Келгенде қарын құралып,
Көрінді - ау Шолпан жұлдызы.
«Жылдам іш»,- деп жымыңдап,
Көз қысуын нетерсің?
«Қарбытып іш, тынымдап,
Аштан өліп кетерсің!»
Алдына әкеп қатар қой,
Қай сүйгенін таңдасын.
Шай, қымызға әбден той,
Көңілде інкәр қалмасын.
Түндік жабық, от жарық,
Үйге сәуле кірмейді.
Іш, той, ындыныңды жарыт,
Таңды үйден кез көрмейді.
Ораза деген қазаққа
Құлшылық емес, әдет қой.
Еріксіз жүрмей азапта,-
Пайданы ойла, қам ет, қой.

Көзі тоймайтын ит - Сәбит Дөнентаев Көзі тоймайтын ит - Сәбит Дөнентаев
Көпірге түсті бір ит сүйек тістеп, Ойы бар көпірменен дария кешпек, Көрінді су бетінде бұған бір ит, Бұнда да бір сүйек бар бақса түстеп.
Жұмбақтар Жұмбақтар
Әй, керемет бір ит бар, Үй бағады, үрмейді. Аяғы жоқ жүрмейді, Ұрықсатсыз ол иттен Адам үйге кімейді. (Құлып)
Баклажан қосылған қыстық салат (Салат "Пятерочка") Баклажан қосылған қыстық салат (Салат "Пятерочка")
"Қыстың қамын жаз ойла» - деген аталы сөзге құлақ асатын апа - әпкелеріміз қытымыр қыстың дайындығына кірісіп кеткен де болар. Әр үйден табыла
Мың жұлдызы бар болса да Мың жұлдызы бар болса да
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны, Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны. Сол бір жұлдыз жанады, сол аспанды жарық қып, Жарықта да түк
Тайға міндік Тайға міндік
Тайға міндік, Тойға шаптық, Жақсы киім киініп. Үкі тақтық, Күлкі бақтық, Жоқ немеге сүйініп.
Ораза оралғанда Ораза оралғанда
Қош келдің, әз Ораза, төрлетіңіз, Ұлтымды ұйқылы-ояу тербетіңіз. Басқадай бақыт іздеп неғылайын, Жанымда, жанарымда келбетіңіз. «Иманы берік жандар
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×