Адамды адам түсінбеу – бір ақырет
Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев
Адамды адам түсінбеу – бір ақырет.
Ойлы жас, түсініпсің, рақмет!
Рақмет!
Жассың ғой жалыны мол,
Жалыны мол және де қуаты көп.
Ойлы жас!
Өлең – менің бар тынысым,
Жақсы сөзім – жаны игі халқым үшін.
Атақ қуып, бақ қуып, даңқ қуып,
Біреулерден жүргем жоң арту үшін.
Оңашада ойларын тыным еткен.
Біздейлердің мыңы кеп, мыңы кеткен.
Ақындар бар амалсыз бұғып өткен,
Ақындар бар ішінен тынып өткен.
Біздейлердің мыңы кеп, мыңы кеткен.
Бізді олардың балама біріне де,
Ұлыға да санама, іріге де.
Қалам тартқан қазақтың бәрі де ақын,
Абай, бірақ қайтадан тіріле ме?..
Ойлы жас!
Өлең менің сырласымдай, Сырлассам да құмарым жүр басылмай.
Айтып өткен аңында арман бар ма
Жүрегінің түбіне кір жасырмай...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Адамды адам түсінбеу – бір ақырет.
Ойлы жас, түсініпсің, рақмет!
Рақмет!
Жассың ғой жалыны мол,
Жалыны мол және де қуаты көп.
Ойлы жас!
Өлең – менің бар тынысым,
Жақсы сөзім – жаны игі халқым үшін.
Атақ қуып, бақ қуып, даңқ қуып,
Біреулерден жүргем жоң арту үшін.
Оңашада ойларын тыным еткен.
Біздейлердің мыңы кеп, мыңы кеткен.
Ақындар бар амалсыз бұғып өткен,
Ақындар бар ішінен тынып өткен.
Біздейлердің мыңы кеп, мыңы кеткен.
Бізді олардың балама біріне де,
Ұлыға да санама, іріге де.
Қалам тартқан қазақтың бәрі де ақын,
Абай, бірақ қайтадан тіріле ме?..
Ойлы жас!
Өлең менің сырласымдай, Сырлассам да құмарым жүр басылмай.
Айтып өткен аңында арман бар ма
Жүрегінің түбіне кір жасырмай...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Қазақстандық сәбилерге жиi қойылатын есiмдер.
Қазақстандық сәбилерге жиi қойылатын есiмдер аталды. Есiмдер топтамасының өткен жылдардан көп айырмашылығы жоқ. 2017 жылғы сәуiрде қыздар арасында
Қапырық бәрі
Қапырық бәрі; Көңілім де менің қапырық, Емендер анау, Жапырақтары шашылып, Қайындар әне Бөксесін жерге батырып,
Жүрек неге зат болып жаралмаған?!
Қарғам менің! Қарғам менің! Аласарып барады арман - көгім. Жалған десе, дүние жалған ба едің?! Жараланған көңілім дал - дал менің.
Жазылар естеліктер мен туралы
Жазылар естеліктер мен туралы, Біреулер жан еді дер өр тұлғалы. Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін, Бүтінделмей кеткен бір ер - тұрманы.
Бабаларым, рақмет сендерге
Бабаларым, Рақмет сендерге Балаларым болмасын деп көр - кеуде, Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің, Өмірге мен мылқау болып енгенде.
Арман қуып...
Айтпашы, айтпасаң да білем, білем, Білемін де күлемін, ренжімен. Әзірге көзім де ашық, көңілім де ашық, Жыланды ажыратам жылы өңдіден.