ойын сауық отауы
Аласарып Ай батқан
04.05.2016 1 352 0 Дауыл

Аласарып Ай батқан

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Аласарып Ай батқан,
Ай батқанда, аймаққа,
Жұлдыз шоғын жайнатқан.
Аумайды бір құс жолы,
Ақтарылған қаймақтан.
Көкжиекте таулардың,
Көтерілсе түңлігі,
Баурайдың да, бар маңның
Көрінеді кіндігі.
Бастарында Мұзарттың,
Ағараңдар сәлдесі.
Түнгі сапар ұзақ тым,
Бір құдайдың әуресі.
Көзіңе ұйқы байланып,
Қалғытады бір демде.
Түні бойы айналып,
Жүргендейсің бір жерде.
«Шәйі орамал бір байлап...»
Шыдамадым, ән салдым.
Жұлдызды аспан тұр жайнап,
Кеудесіндей маршалдың.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қырқыншы жылдар Қырқыншы жылдар
Рас, қайғы - қасіреті бар қаптаған, Ғұмырлар бар батқан және батпаған. Әкелгенмен әр адамға бір қайғы, Сол жылдарға қарғыс айту жат маған.
Сен шақырсаң, мен бармай Сен шақырсаң, мен бармай
Сен шақырсаң, мен бармай, Мен шақырсам, сен келмей, Төбелескен жандардай, Ерегескен елдердей, He көрінді біздерге?
Жұлдыздар сөніп барады Жұлдыздар сөніп барады
Жұлдыздар сөніп барады Айналып келді батқан күн, Жығылды түннің жалауы. Алауын бақпай ақ таңның,
Ертең біз жол жүреміз Ертең біз жол жүреміз
Жасың бар, жігіт - желең, шалдарың бар. Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар. Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс, Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс.
Ақын ініге Ақын ініге
Шоқтығына ер батқан, қайқаңдаған, Мен - бір бәйек жорғамын байпаңдаған... Күлесің - ау, Күлесің... Сайтан - бала, Сен айт менің ойымды, айта алмаған.
Анау - аспан, мынау - бақ Анау - аспан, мынау - бақ
Анау - аспан, мынау - бақ, Аспанда бұлт, бақ жадау. Мамық ұшты, қылаулап, Қыс та келіп қалған - ау.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×