ойын сауық отауы
Аулақ, аулақ
04.05.2016 1 687 0 Дауыл

Аулақ, аулақ

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Аулақ, аулақ,
Аулақ менің жанымнан!
Қара уайым қара шәлі жамылған.
Жазбын әлі гүлім жаңа жарылған,
Бұлбұлымды ұшырған жоқ бағымнан.
Жалт бұрылып, жанарымнам шашқанда
Жатыр екен жүрген ізім дастан боп.
Бар сырымды түгел әлі ашқам жоқ,
Дүлдүліме әлі қамшы басқам жоқ.
Кейімеймін, кейімеймін тағдырға,
Артта уайым, ал қуаныш алдымда.
Сусыны жоқ жолаушыдай кезерген,
Сусыным бір қанбай қойды ежелден.
Ол - жүректің шөлдегені сезем мен;
Төрт аяғын тағалатып буырылдың
Бұрқыратып, кең өлкемді кезер ме ем?
Сусыны жоқ жолаушыдай қаңсыған,
Сусыным бір қанбай, мені жаншыған.
Жүректің бір қалағаны бар шығар,
Қаталаған шөлімді бір басар ма ем,
Сусын ішіп даладағы малшыдан.
Шөлім неге, шөлім неге қанбайды?
Тәтті де іштім, ащы да іштім, нанбайды...
Жүрек нені, жүрек нені талғайды?!
Қыр басында отыратын ауылдың
Қымызымен жібітер ме ем таңдайды...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өкпелетті дей алман өмір мені Өкпелетті дей алман өмір мені
Өкпелетті дей алман өмір мені, Кейбір ойым ұшқанда көңілдегі. Салауат боп, сал денем жеңілдеді. Қуантты да дей алман өмір мені,
Қара өлең Қара өлең
Қалқам, Мен Лермонтов, Пушкин де емес, Есенинмін демедім ешкімге мен, Қазақтың қара өлеңі - құдіретім, Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Сол түні Сол түні
Ауады да тұрады, аңсарым - ай! Әлі сен есімдесің, Аршалы сай. Сол түні неге мені өлтірмедің? Сол түні риза едім алса құдай.
Нені аңсаймын Нені аңсаймын
Нені аңсаймын?.. Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын, Heгe аңсаймын, білмеймін, неге аңсаймын Ұл де, мейлің, адасқан құл де, мейлің,
Жүрегім менің - жанартау Жүрегім менің - жанартау
Жүрегім менің - жанартау, Жалын боп шығар от - демім. Келем деп қамсыз, самарқау, Өртеніп, қалқам, кетпегін.
Байқа, қалқам! Байқа, қалқам!
Байқа, қалқам! Қалай?!! Қалай?! Қалқам, маған не дедің?! Meн өзімді зерттей алмай келемін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×