ойын сауық отауы
Аулыңа бір келгенде...
04.05.2016 1 489 0 Дауыл

Аулыңа бір келгенде...

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Ойьң, қырың, Отаның түрленгенде,
Жан - жағына жақұттай гүл көмгенде,
Жар салмайсың, неге сен қарсы алмайсың?!
Анда - санда аулыңа бір келгенде.
Сыймай кетем кей - кейде жер - көкке мен,
Сені іздеймін сонда мен, сен деп келем.
Бір емделсем сақайын қаламын ғой,
Екеумізге белгілі ермекпенен.
Сеніменен, ардақтым, жүздескенде,
Өткен шақты өмірден іздескенде,
Көкейімнен кетпейді бір ой менің,
Түзде туып, не жетсін түзде өскенге.
Тіршілікпен тіресіп жүргенде сен,
Көншімейді көңілім бір көрмесем.
Бар өмірім болады босқа өткендей,
Анда - санда аулыңа бір келмесем.
Сауығып қалар ма екен сарсаң жаным,
Сейіліп бойымдағы бар салмағым.
Аулыңа анда - санда бір келгенде,
Алдымнан жар сал, жаным, қарсы ал, жаным.
Қилы тағдыр қарсы алдымда тұрғанда,
Мен шорқақпын махаббатты жырлауға.
Өлеңде емес,
Өмірімде ат ізін,
Амал қанша, салғамын жоқ бұл маңға.
Он сегізге, жиырмаға толғанда,
Отау тігіп, ойнағам жоқ ол маңда.
Шын махаббат көрмедім мен,
Болғанда,
Даяр едім Отанымдай қорғауға.
Махаббатым өзімде деп ескерткем,
Кез болған жоқ кұлай сүйіп, ес кеткен.
Кім біледі, сырт айналып кетті ме?!
Босана алмай жүргенімде бөстектен.
Қапелімде арты - өкініш, алды - мұң,
Қаламаймын махаббаттың қалдығын.
Содан болар...
Содан болар кім білсін,
Махаббатқа шорқақ менің жан - жырым.
Махаббатқа шорқақ менің өлеңім,
Теңесем де теңи алмай келемін.
Heгe керек өзімді - өзім демеуім,
Кімге керек сені сүйем дегенім?!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Ғабаңа Ғабаңа
Ғабеке, Анда - санда сізді көрем, Сізді көрсем жомарт бір күзді көрем, Еліктеп өзіңізге есім кетіп, Көгендеп ақ қағазға тіздім өлең.
Сүрініп кетпе Сүрініп кетпе
Сүрініп кетпе! Сүрініп кетсең, болғаны, Дей бергін, досым, басыңа қырсық орнады. Адам дегеннің аяқ астынан сорлауы - Аңдамай басып, сүрініп кетсе
Менің мақсатым Менің мақсатым
Мен жырламаймын, Сырласамын. Сыры бар замандаспен мұңдасамын. Асыққан уақытпен, Адымымды, Абайлап, анда - санда бір басамын.
He жетпейді? He жетпейді?
- He жетпейді? Құлпырған маңайың гүл,- деп маған, Ырза болмай, ағайын жүр. Жаным барда, бойымда қаным барда, Жырымнан жан ашуын алайын бір.
He айтам саған, жаным - ай He айтам саған, жаным - ай
He айтам саған, жаным - ай, не айтам саған Кете бердім жолменен шайтан салған. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ». Қиын екен қосылып, қайта аңсаған.
Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері №1 Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері №1
Адасқан шағала Жаным-ау, қайдан жүрсің, ақ шағала, Келсең кел, бұл өлкені жат-санама. От-суы мол осынау байтақ алқап, Сая болған батырға, патшаға да.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×