ойын сауық отауы
Жездіде
08.05.2016 1 680 0 Дауыл

Жездіде

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Жезқазған.
Жездінің бұл қатпарынан,
Еліме иен ырыс ақтарылған.
Осында жүр жастары, қарттары да,
Қанышынан үйреніп, хат таныған.
Хат таныған,
Басына бақ дарыған.
Жер асты - көгілдір тау, құлама жар,
Жер үсті - көк тіреген мұнаралар.
Көлбеп жатқан көк тасқа сына қағар,
Кеншілер - кереметтей ғұламалар.
Жеті қат жер астына енгенінде,
Ұқсамайды тозаққа, көрге мүлде.
Ғұлама кеншілерді көргенінде,
Көк тастың найза ойнатып өңменінде,
Кенші болғың келеді сен де бірге.
Астыңнан да, үстіңнен бұлақ аққан,
Қопарылыс естілді мына жақтан.
Жар құлап жазатайым кетпесін деп,
Жанталасып кеншілер сына қаққан.
... Қанышынан кешегі хат таныған,
Хал қалай деп сұрасаң қарттарынан,
Білмейді екен басқаны шаттанудан,
Аулақ емес, әрине, мақтанудан.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Фантазия Фантазия
Жеті қат жерің мына төңкерілген, Жеті қат аспанменен көмкерілген. Адамзат оның бәрін ерте білген, Ертегіде табысқан ертеңімен,
Көктемде Көктемде
Мына келген көктем бе?! Сүйісуде кептерлер. Көз ұшында, көк белде, Түйісуде көк пен жер.
Жиі енеді Жиі енеді
Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл, Ойнақ салып, құлын - тай қырында жүр Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл Іркіт иісі келеді мұрынға бір
Баспа, мұнар! Баспа, мұнар!
Арылмасын аппақ нұр бастарынан, Шашпа ызғар, Күнімді баспа, мұнар! Кетпе, шуақ, Мына елдің аспанынан.
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы, Бұдан артық рахат табылмайды. Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір, Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы.
Білгішіме Білгішіме
Тағы да, тағы, тағы да, Тағы да сына, білгішім. Кіріп ап менің жаныма, Кір іздеп тағы жүрмісің?!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×