ойын сауық отауы
Есіңде ме?
07.05.2016 1 787 0 Дауыл

Есіңде ме?

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Есіңде ме?
Екеуміз де елде едік.
Екеуміз де жоқ нәрсеге шөлдедік.
Ағайынның айтқанына көнбедік,
Ойлап тұрсам...
Жасаппыз ғой пенделік.
Нені көрдік?!
He бітіріп, жөндедік?!
Нені сездік?
Нені көрдік, досым - ау?!
Аңсап көрген арманымыз осы ма?!
Елге қайтып кетеді деп шошыма,
Оралмаймын бір жығылған қасыма!
Есіңде ме, тар лашық, аласа,
Еденіміз - текемет пен алаша.
Аласа үйде - асқар таудай тамаша,
Аласұрып, қуанушы ек балаша,
Сонда біреу екеумізге қараса,
Тамыз еді...
Жылға, тоғай.
Оңаша.
Шіркін сол шақ!
Тамаша еді, тамаша!
Онда - тамыз, мұнда, міне, қараша...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өмір жайлы Өмір жайлы
Өмір жайлы сұрай берме сен менен, Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем. Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар, Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.
Қайран Қарасазым - ай! Қайран Қарасазым - ай!
Тамаша еді жазғы орман Құстар сайрап, мәз болған. Көлшіктерде, суларда, Үйрек ұшып, қаз қонған.
Оспанхан Әубәкіровке Оспанхан Әубәкіровке
Жүр, досым, аяңдайық баққа қарай, Күн көзін тұман тағы қаптағаны - ай! Аяз Атаң тәттісін үлестіріп, Ащысын екеумізге сақтағаны - ай!
Нені аңсаймын Нені аңсаймын
Нені аңсаймын?.. Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын, Heгe аңсаймын, білмеймін, неге аңсаймын Ұл де, мейлің, адасқан құл де, мейлің,
Байқа, қалқам! Байқа, қалқам!
Байқа, қалқам! Қалай?!! Қалай?! Қалқам, маған не дедің?! Meн өзімді зерттей алмай келемін.
Біздің көктем Біздің көктем
Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң - тамаша дүние, дабырлап жұрт. Көктем келді. Өмірдің келешегі - Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×