ойын сауық отауы
Жігіттер, мақтанбалық
08.05.2016 3 213 0 Дауыл

Жігіттер, мақтанбалық

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Бөрікті аспанға атып, аттан салып,
Жігіттер, мақтанбалық, мақтанбалық!
Қашаннан қазақ деген сырмінезді,
Мақтаусыз да, мақтансыз жатқан халық.
Сабырмен сабақ алып дәуірлерден,
Сабырын сары алтыннан тәуір көрген.
Қазаққа мақтансын деп жер бермеген,
Жерінің кеңдігіндей сабыр берген.
Иықтасып тұрсын деп елдерменен,
Қазаққа молшылықты кем бермеген,
Алайда, Ата - қазақ мақтануды,
Әлімсақтан бер қарай жөн көрмеген.
Дәулет шалқып, ырысы асқанында,
Қақысы бар қазақтың мақтануға.
Дарақы боп қазағым кетпесін деп,
Сабыры тұр, күзетіп арт жағында.
Іргелі қазақ болдық. Сақтар қалып,
Құс міндік темір қанат, аттар қалып,
Әйтсе де, мақтанбалық, мақтанбалық!..
Үлпілдеген, үрпиген үкім менің,
Жыл құстарын сағынып, күтудемін.
Көз алмай шұбатылған құс жолынан,
Бүкіл елім күтуде, бүкіл жерім.
Қырларым да күтуде, дөңдерім де,
Сағынады бізбенен көл де бірге.
Үкім менің, қарашы, жыл құстары
Келеді екен қайсы ендік белдеуінде.
Қараторғай, қарлығаш, тырналарым,
Қашан бізге әкелер жыл хабарын?
Қашан қонар зергерлер - аққу, қаздар
Әшекейлеп көлдерін, жылғаларын.
Қашан болар тоғайда ән сабағы,
Ән салады, қашан кеп жан салады?
Қашан мынау жайқалып емен, терек,
Жапырақтар жабыла қол соғады?
Айлар өтті қолыма қонғанына,
Еріксіздік басына орнады ма?!
Тұтқын болып отырмай тойда мына,
Ораласың сен қашан орманыңа?..

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Махаббат па, махаббат болған менде… Махаббат па, махаббат болған менде…
Махаббат – ерекше сезім, ғажайып құбылыс, жұмбақ нәрсе. Кімге қалай, қашан келетінін білмейсің. Алайда, жер бетіндегі бар адам соны күтуде,
Неғып жатыр? Неғып жатыр?
Түрленіп мынау заман ағып жатыр. Жай өтпей һәркімге сын тағып жатыр, Жайынан замананың хабардар ма? Осы біздің қазақтар неғып жатыр
Тағы да қазақтар қақында Тағы да қазақтар қақында
Керегіне жұмсай алмас күшін де Кемшілік бар үлкенімде, Кішімде. Сәл ертерек ошағының оты өшкен: Қазақтардың бір қайнауы ішінде!
Мәңгүрттенбеу марсельезасы Мәңгүрттенбеу марсельезасы
Қазақ ұлты, мың сүрініп, мың жығылып, мың тұрған, Даңқыңды ешкім бүркей алмас ізгілікке ұмтылған. Жомарттығың сорға айналып, туып өскен жеріңде, Ана
Жол әсері Жол әсері
Даланы байтақ қарашы, Жолына темір төсеген Жайқалған жас тал жағасы, Жүргендей болдық көшемен.
Сәби өсіп келеді Сәби өсіп келеді
Түнге карай, Түйсік салып, Таң атқанша не болады?! (Оны қайдан білейін) Бүкіл адам баласына тек жақсылық тілейін, Ортасында солардың мен, Ойнап -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×