ойын сауық отауы
Жанарсыз адам келеді
08.05.2016 1 660 0 Дауыл

Жанарсыз адам келеді

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Топсасы жұмыр тобылғы томсарып алып келеді,
Толайым мына тірлікті тобылғы таяқ көреді.
Толғанып жүрген бейбаққа, тобылғы таяқ тіл бітсе:
- Алдыңда ор бар, аяулым, бері жүр, бері! - дер еді
Көрінбей оған көктем түр, көрінбей нұр тұр себелеп,
Toп қыздар өтіп барады - топтанып ұшқан көбелек.
Жанарсыз адам келеді, аттай да алмай жақсылап,
Тозығы жеткен асфальтты, тобылғыменен шегелеп.
Іздейді көзін басынан, іздейді көзін аяқтан,
Іздейді көзін қолынан, іздейді көзін таяқтан.
Жанарсыз адам келеді... жанарлы бейқам тірліктен,
Жанарын даулап, дүниені таяқпен түртіп оятқан.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Тоқта, ботам Тоқта, ботам
Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда! Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға. Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын Айырбастап ала алмай жүр алтынға.
Сәби болғым келеді Сәби болғым келеді
... Құс та болғым келмейді! Қанатым бар.. Қанатым бар күмістен жаратылған. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.
Сезім Сезім
Арпалысып ақылмен, төзімменен, Бір сәт те дем алмайды сезім деген. Шыр етіп жерге түскен шілдехана, Келеді дүниені кезуменен.
Оспанхан Әубәкіровке Оспанхан Әубәкіровке
Жүр, досым, аяңдайық баққа қарай, Күн көзін тұман тағы қаптағаны - ай! Аяз Атаң тәттісін үлестіріп, Ащысын екеумізге сақтағаны - ай!
Ағажан Ағажан
Әбілмәжін Жумабаевқа Жүр едім айыға алмай көптен бері, Қандай күш айықтырып кеткен мені?! Жаураған жауқазын ем бөктердегі, Жып - жылы қайдан соқты
Керек осы адамға Керек осы адамға
Бүгін бе, болашақ па?! Ақылгөй кәрілік пе, бала шақ па?! Қиын - ау, өзің жатып жерошақта, Жансыз тән, жанарсыз көз - болашақта.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×