ойын сауық отауы
Кешіріңдер
15.08.2017 3 331 0 Дауыл

Кешіріңдер

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Кешіріңдер, туыстар,
Кешіріңдер, ағайын,
Өр көкірек бейбаққа
Өкпеледің талайың.
Кірсіз көңіл ақ туын
Жоғары ұстап, ағайын.
Ақ киімге оранып,
алдарыңа барайын.
Кешіріңдер, жарандар,
Қошақаның болайын.
Сый сұрағам жасыңнан.
Мейір күткем қартыңнан.
Еркелеп ем сендерге,
Емін - еркін шарқ ұрғам,
Екенмін ғой антұрған.
Сөз өргізіп артымнан,
Арыла алмай келемін
Бала күнгі қалпымнан.
Кешіріңдер, достарым,
Кешіріңдер, қастарым,
Есім кіре бастады,
Еркелікті тастадым.
Мен мен емес, басқамын...
Естеріңе алғайсың,
Еркін жүрген қалқаны.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Тұнжыраған ояу бақ Тұнжыраған ояу бақ
Жапырақтар түсіп жатыр, Түсіп жатыр... Неліктен?! Айрылып бара жатыр ағаш біткен көріктен. Көргенсіз де, Жүгенсіз де, Күздің бұзық бораны,
Тауда өстім Тауда өстім
Тайсалмай басып тастарын, Алқынбай асып асқарын. Құзына шығып, қомданып, Ылдиын тәмен тастадым.
Саяхат Саяхат
Сал - сал да күндер, сал күндер, Балалық атты бал күндер, Барайын баяғы ауылға, Жоқ кімдер, я бар кімдер.
Орта жолда Орта жолда
Көңіл де пәс, пәс кеуде, Аэропортта даң.- дұңмен Затым кетті Мәскеуге, Ақтөбеде қалдым мен.
Есіңе мені алғайсың Есіңе мені алғайсың
Нұр жауып тұрған көктемде, Гүл тере барсаң бөктерге, Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде,
He жетпейді? He жетпейді?
- He жетпейді? Құлпырған маңайың гүл,- деп маған, Ырза болмай, ағайын жүр. Жаным барда, бойымда қаным барда, Жырымнан жан ашуын алайын бір.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×