ойын сауық отауы
Тауда өстім
13.05.2016 2 064 0 Дауыл

Тауда өстім

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Тайсалмай басып тастарын,
Алқынбай асып асқарын.
Құзына шығып, қомданып,
Ылдиын тәмен тастадым.
Төбемді көкке жеткіздім,
Төсіне шықтым көп құздың.
Қорқытып бура бұлттарды,
Қойныма әтір сепкіздім.
Талай да талай шынды астым,
Тастағы гүлмен мұндастым.
Қарағайлармен құрдаспын,
Қайыңдармен сырласпын.
Тайсалмай өзім тауда өстім,
Таласар, қане, бар ма ешкім

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Әулие Әулие
Сілелеп, құртып мұршаны, Саят қып тауда жүргенде. Сая ғып қалың шыршаны, Кетіппін ұйықтап бірдемде.
Қара шалғы Қара шалғы
Жетелеп сонау жылдар қара шалды, Қарасазда жүруші ең, қара шалғы. Қара шалғы ішінде қарт пен сенің, Талай - талай көріп ем тамашаңды.
Реніш Реніш
Әй, балам - ай! Шамалы - ау түсінігің, Қандай болар, білмеймін, кісілігің... Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені, Жауар күндей қабағын түсіруін!
Пушкинмен қоштасу Пушкинмен қоштасу
Ал енді қоштасайық, сардар аға. Мен ертең кетем ұшып сардалама, Қыранның қырандығы - кең далада, Қыранның қырандығы - тауда ғана.
Ескі жұртта Ескі жұртта
Айтсаңшы, көке - ау, қай маңда, Орны менің үйімнің? Қанып ең талай айранға, Қолынан әжем Тиынның.
He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен
He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен, He пайда дәтке қуат бекінгеннен, Алайда, емханада көз жұмғаннан, Жақсы еді ғой майданның өтінде өлген.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×