ойын сауық отауы
Күн жылыған, жер жібіген
09.05.2016 1 718 0 Дауыл

Күн жылыған, жер жібіген

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Күн жылыған, жер жібіген,
Құстар келген шақтарда,
Төрдегі өрген төрт түлікке,
Төл жамырап жатқанда,
Көзімді алмай қарайтынмын егістікке телміріп,
Бірде шалқып, бірде жанған, бірде өшкен оттарға.
Естігенде сазға қонған сарыала қаз саңқылын,
Көктем келіп қалыпты - ау деп, табатын - ды жан тыным.
Қара нөсер төгіп тұрған қара бұлт ішінен;
Аңғарушы ем айқүш - ұйқыш, алмас қылыш жарқылын.
Содан жаз кеп, ен жайлауға - Шалкөдеге көшкенде,
Алдымыздан аңқушы еді айғай тастан ескен жел.
Туған жерін өмірбақи ұмытпасын деген ғой,
Айналайын аналарым кіндігімді кескенде.
Содан ба екен, қалам тартсам, жыр тумайды жерімсіз,
Мен сеземін, күтіп жатыр, күтіп жатыр, тек үнсіз.
Туған жердің топырағын сүйе алмасам мәңгілік,
Онда мені қалды деңдер көмусіз де кебінсіз...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Үнсіздік Үнсіздік
Бәрі де үнсіз. Үнсіз аспан, үнсіз жер, Үнсіз орман, үнсіз таулар, үнсіз көл. Мен де үнсізбін, дәрменім жоқ күрсінер.
Сәуір айы Сәуір айы
Сабылып келді міне, сәуір айы, Сәуір айы - қазақтың тәуір айы. Жылайды да тұрады жылаңқы бұлт, Бара жатыр не болып ауа райы?!
Көктемде Көктемде
Мына келген көктем бе?! Сүйісуде кептерлер. Көз ұшында, көк белде, Түйісуде көк пен жер.
Кетер ме екем Кетер ме екем
Бірде олай ауытқып, бірде былай, Бір байламға келе алмай жүргенім - ай. Таулы аймақтың ауасы секілденген, Аумалы да төкпелі күндерім - ай!
Апырмай, туған жер - ай Апырмай, туған жер - ай
Апырмай, Туған жер - ай! Теңдесер кім, Бұл жерге сен болмасан, келмес едім. Кіндігімді байлаған қазығым - ай, Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім.
Егер де айта алмасам айтарымды Егер де айта алмасам айтарымды
Егер де айта алмасам айтарымды, Алжыдым, ақылымды сайтан ұрды. Қынына қылышымды салам онда, Ақ жүзі алмасымның қайтарылды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×