Маңдайда бір тал шашым ағарыпты
Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев
Маңдайда бір тал шашым ағарыпты,
Белгісі болғай - дағы «даналықтың».
Ығысып, қарақұсқа бара жатыр,
Кекілі кешегі анау балалықтың.
Ағарсын шашым, мейлі, ағармасын,
Алаң боп ауырмағай оған басым.
Жастықтың оты сөнер, оты сөнер,
Қызуы бойда бірақ жоғалмасын.
Жанар тауым бар еді ғой кеудемде,
Жалын атып, жана - жана сөнген бе?!
Тас қайнатып, жатушы еді, от бүркіп,
Тастай қатып, тынған ба енді, өлген бе?
Бір жанар тау жатушы еді төсімде,
Жана - жана айналған ба өшуге? 1
Қызыл - күрең алау оттың орнында,
Қылымсыған қыз - сағымдар көшуде.
Жанар тауым бар еді ғой өртенген,
Жалыны оның неге мұнша ерте өлген?!...
Отырып ап сөнген ошақ басында,
Қорқыт атам қыл қобызын шертем мен.
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Маңдайда бір тал шашым ағарыпты,
Белгісі болғай - дағы «даналықтың».
Ығысып, қарақұсқа бара жатыр,
Кекілі кешегі анау балалықтың.
Ағарсын шашым, мейлі, ағармасын,
Алаң боп ауырмағай оған басым.
Жастықтың оты сөнер, оты сөнер,
Қызуы бойда бірақ жоғалмасын.
Жанар тауым бар еді ғой кеудемде,
Жалын атып, жана - жана сөнген бе?!
Тас қайнатып, жатушы еді, от бүркіп,
Тастай қатып, тынған ба енді, өлген бе?
Бір жанар тау жатушы еді төсімде,
Жана - жана айналған ба өшуге? 1
Қызыл - күрең алау оттың орнында,
Қылымсыған қыз - сағымдар көшуде.
Жанар тауым бар еді ғой өртенген,
Жалыны оның неге мұнша ерте өлген?!...
Отырып ап сөнген ошақ басында,
Қорқыт атам қыл қобызын шертем мен.
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың!
Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың, Армандайсың біреудің бау - бақшасын. Тілегіңді орындаймын деп күнім, Көбеюде ақ шашым.
Мынау қолым, басым мынау
Мынау қолым, басым мынау, жүрегімде - тосын әнім; Жүзім күңгірт, шашым қырау, неде болса, осы барым. Көзбен көрем, үйренемін, ол да менің бір
Сен қартайды дегенге
Сен қартайды дегенге мен сенбеймін, Әжімменен кәрілік өлшенбейді. Әжім деген - әйгілі тамшы - уақыт, Тамшы - уақыт тасты да жеңсем дейді.
Махаббатым өзімде
Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде, Білмеймін, сүйдім бе мен, сүймедім бе... Жастықта жалын атып сүйсем егер, Түспес ем дел мынадай күйге мүлде.
Айығып келем
Айығып келем. Айығып келем бәрінен. Емделіп жүрмін, жақсылар берген дәрімен. Мен үшін өмір тарылған емес, әлі кең, Кеңістіктерге сапарға шығам әлі
Қараңғы, дауылды түн
Қараңғы, дауылды түн cap далада, Патшалық құрған өлім айналада. Шыраққа қолымдағы от тұтаттым, Үмітпен біразырақ деп: «Жана ма?»