ойын сауық отауы
Ол шақты қайтем
10.05.2016 1 512 0 Дауыл

Ол шақты қайтем

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Көлшікте, біздің іргеде,
Бақаның хоры басталған.
Күнде де, айлы түнде де,
Сорғалап нұр тұр аспаннан.
Қоңыр үй. Тозған. Қазақы.
Болмайтын онда терезе.
Тозбайтын еді ғажабы,
Шаңырақ, уық, кереге.
(Ол шақты қайтем мақтап құр)
Ши ұстаушы едік есікке.
Жамырап келіп аппақ нұр.
Жармасар еді тесікке.
Сандаған сығыр сәуледен,
Панамыз тұрар жарық боп.
Үміткер болып әрнеден,
Маужыраушы едік қарық боп.
Алаңсыз, бейқам өсіп ек,
Бақалар хоры тербетіп.
Өмірдің содан көшіне,
Ілесіп кеттік ержетіп...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Ұят болды - ау Ұят болды - ау
Сен де кеттің, Мен де кеттім, Ол да кетті ауылдан. Осынымыз ұят болды - ау, ұят болды - ау, қауымнан!
Ұям менің Ұям менің
Біздің үй болатұғын осы арада, Жататын бұлақ ағып босағада. Орны да өшейін деп қалыпты ғой, Өтіпті көп уақыт... Тоса ма алда.
Қара қамба Қара қамба
Әлі менің есімде қара қамба, Қарның тойып қалатын қарағанда. Жеткізе алмай тұрса да әр адамға, Әбіужауһан болатын балаларға.
Қар жауып тұр Қар жауып тұр
Апыр - ау, бір - ақ түнде қыс келген бе?! Қар ғой мынау, бір түнде түскен жерге Бір түнде мына аймақтың өңі өзгеріп, Бір - ақ түнде керемет істелген
Суық күз сұрғылт... Суық күз сұрғылт...
Суық күз сұрғылт, Сұрланып аспан,- күн жауған. Күн жауған шақта қайтатын едік қырманнан. Көтеріп алып, Өтетін едік сулардан, Қызғалдақ - қызды
Жүр Жүр
«Жүр. Кеттік біздің ауылға, Келістік. Әкел қолыңды? Шөйіліп күнәң жауында, Найзағай оссын жонынды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×