ойын сауық отауы
Суық күз сұрғылт...
11.05.2016 1 454 0 Дауыл

Суық күз сұрғылт...

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Суық күз сұрғылт,
Сұрланып аспан, - күн жауған.
Күн жауған шақта қайтатын едік қырманнан.
Көтеріп алып,
Өтетін едік сулардан,
Қызғалдақ - қызды жаңадан ғана бүр жарған.
Бүр жарған жері,
Бұлтиып қана батқанда,
Мойнымызды қолаң шашымеы жапқанда.
Оттықтан ұшқын шашырап кетіп ақ қауға,
Өртенуші едік,
Өртеген сол бір шақтарда.
Қылша мойынды
Қытықтап қыздың білегі,
Тыңдайтын еді жүрегіңді кеп жүрегі.
Қыздын, күлкісі,
Судың сылдыры, гүл, егін,
Келмеске кеткен күндерім түске кіреді.
Ғұмыры бірге,
Тағдыры бірге, бірге арман, Қайда кеттіңдер,
Қызғалдақтар - ау, бүр жарған?!
Жалғыз аттанып бара жатырмын қырманнан,
Расында да, жалған екен - ау,
Бұл жалған...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Ұят болды - ау Ұят болды - ау
Сен де кеттің, Мен де кеттім, Ол да кетті ауылдан. Осынымыз ұят болды - ау, ұят болды - ау, қауымнан!
Қыс келген күні Қыс келген күні
Тысқа шықсам, Күн шыңылтыр, ңар жауған. Ызғар, аяз атырылып бар маңнан, Асып анау асқар - асқар таулардай,
Қара қамба Қара қамба
Әлі менің есімде қара қамба, Қарның тойып қалатын қарағанда. Жеткізе алмай тұрса да әр адамға, Әбіужауһан болатын балаларға.
Ол шақты қайтем Ол шақты қайтем
Көлшікте, біздің іргеде, Бақаның хоры басталған. Күнде де, айлы түнде де, Сорғалап нұр тұр аспаннан.
Күндестік құрысын! Күндестік құрысын!
Қандай рақат! Жүрейік, достар, күнде өстіп. Ренжу деген, Ренжу деген - білместік. Бауырларым - ау! Бәріміз қиын күн кештік, Арамызға біздің Қай
Есіңде ме? Есіңде ме?
Есіңде ме? Екеуміз де елде едік. Екеуміз де жоқ нәрсеге шөлдедік. Ағайынның айтқанына көнбедік, Ойлап тұрсам... Жасаппыз ғой пенделік.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×