ойын сауық отауы
Ақынның ауылы
06.05.2016 1 862 0 Дауыл

Ақынның ауылы

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Сол маңға соға алмадым көптен бері,
Күз бе еді?!
Есімде жоқ, көктем бе еді?!
Есімде тек - даланың өкпек желі,
Есімді алып, құшақтап, өпкен мені,
Сол маңға соқпай кеттім көптен бері.
Сән түзеген Есілдің өңірінде,
Ақ қайыңдар әлі жүр көңілімде.
Ерекше еді ол жердің көлі мүлде,
Ерекше еді сол жердің елі мүлде,
Ерекше орын алып жүр көңілімде.
Суып барғам суытқан қылықтардан,
Жылбіп қайтып кеткен ем, (Суып барғам...)
Арасынан орманның ақын көрдім,
Жырын іздеп жүр екен ұмыт қалған...
Жағасында Есілдің тұрыпты арман!..
Аққудың қанатындай сыңқылдаған,
Үнінен сол ақынның жыр тыңдағам.
Жыр тыңдаған:
Тың далам - сылқым далам.
Ақ Есіл бір толастап, бір тулаған,
Жағада ақ қайың мас, былқылдаған.
... Өтінем, сол ақынның тағдырын бер,
Өзгені қимасаң да, жұртым, маған?..
Ақ Есіл - ақ отауым, алқа көлім,
Қайың бақ, ойдым орман, қамқа жерім.
Ақынның аманат бір жырындай - ақ,
Аңсаймын да тұрамын Арқа желін.

Ақын Ақын
Ақынның нәзік жүрегі самалдан тоңар гүл еді. Халқының махаббатымен ақсұңқар құстай түледі, ел ғана – тұғыр, тірегі.
Төлегенге Төлегенге
Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның, Қызарып батты ертеңгі шығатын күн. Торғай - өлең шырылдап бара жатты Аузында ажал дейтін сұрапылдың.
Отыз бесінші көктемім Отыз бесінші көктемім
35 жыл. Уақыт қой көп - көрім. 35 жыл қуарып, 35 жыл көктедім. 35 күз, 35 қыс, 35 жас, Осал өмір емес қой отыз бес жас...
Миллиард дастарқаны Миллиард дастарқаны
Жалғанның жартысындай жалпақ далам, Кеудең - ырыс, алтын тақ - арқаң маған! Қозғалсаң қойыныңнан дән саулаған, Кәусар далам, бас идім, гауһар далам!
Ағажан Ағажан
Әбілмәжін Жумабаевқа Жүр едім айыға алмай көптен бері, Қандай күш айықтырып кеткен мені?! Жаураған жауқазын ем бөктердегі, Жып - жылы қайдан соқты
Аттанғанда Аттанғанда
Қош! Деп қанат қағады құстар маған. Қош! Деп мені құшақтап, құшқан далам. Аманаттап біреуге жатыр мені: - Аманат - деп,- ұямнан ұшқан балам.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×