ойын сауық отауы
Сен менің
11.05.2016 9 949 0 Дауыл

Сен менің

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Сен мына - жанарымның ішіндесің,
Жанардың білесің ғой кішірмесін.
Ішіне жанарыңның сақта меңі,
Біреулер көлеңкесін түсірмесін!
Сен менің - мына тылсым кеудемдесің,
Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін.
Кеудеңе - зынданыңа салып сақта,
Біреулер көкпар қылып өңгермесін!
Сен мына - тілімдесің, үнімдесің,
Білесің ғой, тілімнің бүлінбесін.
Сен мені үніңе қос, тіліңе тұт,
Үнім өшіп, үшкір тіл тілінбесін!
Сен мына - менің алып басымдасың,
Білесің, ешкім де оны басынбасын.
Сен мені өз басыңмен бірге қорға,
Біреулер зұлымдығын асырмасын!
Сен - менің миымдасың!
Білесің, миым жатқа бұйырмасын..
Миыңның бір жеріне жасыр мені,
Қиылсын өмір солай... Қиылғасын!..
Алдынан терезеңнің жүріп өттім,
Сен мені байқадың ба, құдіреттім?
Тұрдың ба терезеңнің ар жағында?
Теңселіп, тұтқан пердең діріл етті.
Heгe өртенді?
Жүрегім неге өртенді?!
Нелер келіп, басыма нелер төнді...
Балконыңнан қол былғап, қарсы алушы ең,
Heгe менен жасырдың көлеңкеңді?
Қайран көктем,
Қайран гүл, қайран жазым!
Сарқылған ба, шынымен сайран - назың?
Айныдың ба, шайлығып шалқарыңнан?
Айдынымда қанатын жайған қазым.
Көзің қайда көшеден мені іздеген,
Сөзің қайда жанымыз егіз деген?
... Терезеңнің алдына келіп тұрмын,
Көгершіндей,
Қысты күн... жем іздеген...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Сен мені іздемедің! Сен мені іздемедің!
Сен мені аңсамадың, іздемедің, Қарсы алдыңнан шықты ма іздегенің? Көктем болып жұтылып кеттің жазға, Ал, жүрегім айналды күзге менің...
Менің атам Менің атам
Атам менің жақсы адам, ешкім одан аспаған. Фашистермен соғысып, оң аяғы ақсаған.
Қызғанып қалма, жаным, сен Қызғанып қалма, жаным, сен
Біреулер менің қолымды қысса, жаныма қейде күліп кеп, қызғанып қалма, жаным, сен: сен үшін ғана құрметтеп мені тұратын шығар жігіттер, қызбалық
Сен мені не етесің? Сен мені не етесің?
Сен мені не етесің? Мені тастап, Өнер бастап Жайыңа Және алдап, Арбап, Өз бетіңмен сен кетесің.
Шәмілге жазған хаттардан Шәмілге жазған хаттардан
Шәміл - ау! Хал - жайымды білсең еді, Білмеймін қайтерімді... Кім сенеді? Ой жетімде өшіріп алған отым, Қайтер ең қайта қарып жүрсе мені?
Тағы да Майгүлге Тағы да Майгүлге
Қайтсем сенің құтылам елесіңнен?! Отырасың қасыма келесің де. Сен өлгенсің, жаным - ау, мен тірімін, Мен тірімін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×