Соқпақ
Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев
Жалғыз аяқ соқпақ жатыр іргесінде үйімнің,
Соған шығу қиыны екен өмірдегі қиынның.
Жалғыз аяқ соқпақ әкеп жолға салды шытырман,
Шимай - шимай сызығындай жүрегім мен миымның.
Бұл соқпақпен әкем менің қан майданға аттанған,
Бұл соқпақпен әжемді де қабіріне ап барғам.
Бұл соқпақпен баламды да ұзатып caп мезгілсіз,
Бөрісінің жүрген ізін ескерткіш қып ап қалғам.
«Жол деген көп далада да, қия белде, жондарда
Адаспа, ұлым, аңдап басқын, ұрынбағын орларға»,
Деп соқпақпен ғазиз анам аттандырған мені үйден,
Бетіндегі әжіміндей айғыз - айғыз жолдарға.
Сол соқпақпен жүріп келем, бір жығылып, бір тұрып
Жол іздеймін, жол іздеймін алға қарай ұмтылып,
Жол шіркіннің орының да, жарының да көбін - ақ,
Сүрінемін, жығыламын, қайта жүрем ынтығып.
Жол үстінде ор жоқ деуге қалай ғана нанасың,
Жолдар, жолдар, үйден шалғай қайда әкетіп барасың?
- Орға ұрынбай, жарға ұрынбай айналып өт! – дер маған
Бекер ғана айтыпсың - ау, бекер, бекер анашым...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қырқыншы жылдардағы бесік жырынан
«Кебін киген өледі, Кебенек киген келеді», Майданға көкең кеткенде, Осылай бәрі деп еді.
Мінез
Кезімде қадірімді сезбес мынау, Бекер - ақ, қарғам, маған кездестің - ау Келмеске әлдеқашан аттандырған, Керемет күндеріммен кездестім - ау!..
Жырлар жазам
Жырлар жазам, Алайда ол кімге керек?! Жанға шипа іздеймін, тілге дерек. Мәжнүн болып барамын күннен - күнге, Сау жандардан саяқсып, жүрген ерек.
Жазғырма мені, жан - аға
Жазғырма мені, жан - аға, Жаманға мені балама. Жалғыз түп емен көріп пе ең, Жабырқап тұрған далада?
Ескі жұртта
Айтсаңшы, көке - ау, қай маңда, Орны менің үйімнің? Қанып ең талай айранға, Қолынан әжем Тиынның.
Ақын ініге
Шоқтығына ер батқан, қайқаңдаған, Мен - бір бәйек жорғамын байпаңдаған... Күлесің - ау, Күлесің... Сайтан - бала, Сен айт менің ойымды, айта алмаған.