ойын сауық отауы
Күй қаласа ғой
09.05.2016 1 562 0 Дауыл

Күй қаласа ғой

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Сексенде селкілдеген Ахметті,
Ажал келіп, ақыры бақыл етті.
Бұйырғаны қартыңа бұл өмірден -
Айналасы алты кез ақырет - ті.
Тіршіліктен есіл қарт шеттетілді
Бәрі қалды артында бет - бетімен.
Балаларға балға - шот ойыншық бар
Ер - тоқымы түсіпті етпетінен.
Сары үзеңгі сарғайып, тат басыпты,
Сырма тоқым шаңменен баттасыпты.
Қанжығасын қарақшы тышқан тонап,
Көкпар қылып жан - жаққа ап қашыпты.
Тәбәрік боп балаға, немереге,
Сусар бөрік о да тұр керегеде.
Төңкеріліп қалыпты төс темірі,
Отқа күйген қожалақ бөренеде.
Ауық - ауық көмейі күбірлеген,
Домбыра тұр ішектері дірілдеген.
Отыратын күй шертіп, Ахмет шал,
Сырласқандай құпия бір үнменен.
Шіркін, сол күй қалса ғой, бұзылмайды,
Ескірмейді, тозбайды, сызылмайды.
Күйге буаз домбыра қос ішегі
Қанатымен шыбынның ызыңдайды.
Қарт кетіп, жер астынан баспана апты,
Байлық қапты, бақ қапты, басқа қапты.
Тәбәрік қып артына қартың бірақ,
Күмбірлеген күйлерін тастамапты.
Күй қалса ғой артында бұзылмайды,
Ескірмейді, тозбайды, сызылмайды.
Қашанғы қарт жолдасын іздегендей,
... Ауық - ауық қос ішек ызыңдайды.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Күй аңызы: Арман Күй аңызы: Арман
Бір ауылда той болып, сол тойға Тілендіұлы Нұрғиса арнайы шақырылыпты. Өзі той болған соң, оған Нұрғиса шақырылған соң, әрине, күй тартылады. Күйді,
Таң алдында Таң алдында
Айдың да кеткісі жоқ көк бетінен, Табандап жатып апты етпетінен. Күн түнге таңнан хабар айтып еді, Жұлдыздар үркіп кетті бет - бетімен.
Сонымен күндер өтті Сонымен күндер өтті
... Сонымен күндер өтті, Күндер өтті... Кімдер кеп, кімдер өтті?! Жонынан майы тамған жомарт - өлім!
Майданның бәйгесіне Майданның бәйгесіне
Қарасаздың су ішіп бұлағынан, Жүретұғын құлпырып құла құнан. Қылығы да, жұп - жұмыр мүсіні де, Аумайтұғын киіктің лағынан
Бір биге Бір биге
Ә, биіміз, биіміз, Түрленіп қапты үйіңіз, Тым-ақ тәуір күйіңіз.
Ана Ана
Үйдің іші ұйқыда, Түн ортасы шамасы. Көзін алмай бесіктен, Бөбек жатыр албырап.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×