ойын сауық отауы
Қайран жандар
28.06.2019 2 585 0 Дауыл

Қайран жандар

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Қайран біздің шешелер!
Арды ойлаған,
Шілік шауып, ши орып, бау байлаған.
Жігіттерден айрылып, қалмай қараң,
Қырман басып, егін caп арба айдаған.
Шалбарланып көйлегін,
Шарт буынып,
Шаруаның қостарын тартты буып.
Қауіп төнсе,
Қызғаншақ жолбарыстай,
Атылатын жауына жалт бұрылып.
Ұйықтамайтын,
Тек қана көз ілетін,
Көзін ілсе, ерімен кезігетін.
Әйелдігін ұмытып күні бойы,
Түнде ғана,
Жатарда сезінетін.
Қайран біздің жеңгейлер!
Өскен ерен,
Егін орып, бау байлап, дестелеген.
Алақандай ақ шытқа мұңын шағып.
Хат жазатын, кешкісін, кестеменен.
Қарайып, кешегі аппақ маңдайлары,
Аңызақта қаңситын таңдайлары.
Көздерінде тұратын Күндерімнің
Көктегені даланың сарғайғаны.
Қайран біздің өмірдің - балқаймағы
Бір бұйымы - бір үйге мұра болар,
Қайран біздің Атайлар - Ғұламалар
Алғыс айтып, тәңірге қарғыс айтып,
Айдалада, аулақта жылап алар.
Жылап алып,
Қайтадан қуаттанып,
Егін жайға келетін бұлақты алып.
Тоқтап қалған тірліктің машинасын
Жүргізетін, бір жерін бұрап қалып.
Қайран жандар!
Қайран жандар!..

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Жортқан бұлттай жігіттіктен ауыстым. Жүсіп Баласағұн Жортқан бұлттай жігіттіктен ауыстым. Жүсіп
Жортқан бұлттай жігіттіктен ауыстым, Ескен желдей тірлігімді тауыстым. Қайран жастық, қайран отты күндерім, Тұта алмадым, қадіріңді білмедім!
Қуаты оттай бұрқырап Қуаты оттай бұрқырап
Қуаты оттай бұрқырап, Уәзінге өлшеп тізілген. Жаңбырлы жайдай сырқырап, Көк бұлттан үзілген.
Қайран жеңгем Қайран жеңгем
Су сұраса сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың - ау, қайран жеңгем! Қарғаның валетіндей едірейіп, Қасыңа мына біреу қайдан келген?
Қайран бауыр Қайран бауыр
- Мұқаш - ай! Қарасазды сағындым - ау! Сағындым - ау, суымды, тауымды да! - ... Қайран дос, барғанымда осылай деп, Өрт кетіп өзегіне тарындың - ау!
Шау тартып қалыпсың - ау, қайран шабыт! Шау тартып қалыпсың - ау, қайран шабыт!
Шау тартып қалыпсың - ау, қайран шабыт! Жүруші ең кейбір жерде ойран салып, Жүруші ең кейбір жерде сайран салып, Шау тартып қалыпсың - ау қайран
Heгe жыламасын?! Heгe жыламасын?!
Heгe жыламасын?! Бәрісі де жылаған. Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған. Түнек болып келе жатқан тажалға, Аттануда, аттануда тірі адам.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×