ойын сауық отауы
Қысырақтың үйірі
15.05.2016 1 632 0 Дауыл

Қысырақтың үйірі

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

- Бағасың! - деді бастығым,
- Бақпаймын! - дедім, бала едім.
Артым бос, айтар тасбуын,
Жоқ - тұғын менің дәлелім.
- Бақтырам! - деді бастығым.
Бағасың! - деді,- жетпегір!
Сонымен, біраз жас күнім,
Қысырақ қуыға өткен бір,
Қорада жемсіз ақырда,
Қамауда - тұғын қысырақ,
Аяңдап келем, тақымға
Шетеннен ңұрық қысып ап
Айқара аштым қораны,
Жануарларға обал - ды.
Обалды қайтсін қысырақ,
Ойнақтап алып жоғалды.
Біріне - бірі дем беріп,
Тұяқпен түтіп даланы.
Тулаған өңшең көкжелік,
Үйірін іздеп барады,
Қайыру берер болмады,
Ойнақтап олай, былай бір,
Сорпасы шығып сорлады.
Сілесі қатқан құла айғыр
Желігіп алды көнбестен
Желқуық өңшең байталдар,
Бірі де қайыру берместен
Сынаптай аңты сайтандар.
Бір - бірлеп жүріп сай - құмнан,
Өлгенде әзер қайтардым.
Жармасты - ау құла айғыр да,
Жалына жирен байталдың.
Сынаптай аққан сайтанды,
Жануар әбден илегіті,
Шу асау өңшен, байталды,
Бір - бірлеп жүріп үйретті...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Ананың сүюі Ананың сүюі
Кім сендерді, балалар, сүйе - тұғын, Куанышыңа қуанып, қайғыңа күйе - тұғын? Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай, Шешең байғұс дамылсыз жүре -
Қаздар қайтып барады мекеніне Қаздар қайтып барады мекеніне
Қаздар қайтып барады мекеніне, (Қанаты бар мақұлық кетеді де). Қаз - қаз басып, қалтырап қария тұр Дәрмені жоқ таяғын көтеруге.
Тау өзені тентек қой, тасып жатыр Тау өзені тентек қой, тасып жатыр
Тау өзені тентек қой, тасып жатыр, Ақ көбігін аспанға шашып жатыр. Арғы жаққа отарын өткізе алмай, Бала шопан айғайға басып жатыр.
Менің кішкентай күнім Менің кішкентай күнім
Көтеріп сені батырып, көтеріп сені шығарам, Кішкентай күнім, сенсіз мен өмір де сүріп шыдаман. Кішкентай күнім, сені мен арқалап жүріп айығам,
Майданның бәйгесіне Майданның бәйгесіне
Қарасаздың су ішіп бұлағынан, Жүретұғын құлпырып құла құнан. Қылығы да, жұп - жұмыр мүсіні де, Аумайтұғын киіктің лағынан
Қайғылы сұлуға Қайғылы сұлуға
Көркің хор, періште еді сенің жаның, Ойлаушы ең күні - түні көк аспанын. Мінезін адамзаттың сынамаққа, Мезгілді орын ғып ең бұл жалғанын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×