ойын сауық отауы
Әулие
15.05.2016 1 631 0 Дауыл

Әулие

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Сілелеп, құртып мұршаны,
Саят қып тауда жүргенде.
Сая ғып қалың шыршаны,
Кетіппін ұйықтап бірдемде.
Оянсам бірде әлденіп,
Жамбастан көктің сызы өтіп,
Аққудай аппақ шал келіп,
Тұр екен мені күзетіп.
Көзіме сенбей таңданам,
Өңім бе, әлде түсім бе?!
Қайдан жүр мына шал - бабам?!
Иесіз таудың ішінде.
Сәлем де бере алмадым,
Өзінше сөйлеп тұр бабам.
Қылығын айтып жандардың
Байлығын таудың ұрлаған.
- Сен - дағы қару қолға алдың.
Атарсың таудың киігін...
Бірақта, байғұс орманның,
Басарсың қайтіп күйігін?!
Ормансыз тауың жетімек,
He керек тақыр өркеші.
Барады, балам, сетінеп,
Орманның жасыл көрпесі.
Киіктер безген бұл жерден,
Іздеме, балам, таппайсың...
Асқасын мынау бір дөңнен,
Үйге кеп дәм - тұз татқайсың.
Көлеңке маған түсірген,
Көк шырша сергіп, таранды.
Әулие дедім ішімнен,
Бел асып кеткен бабамды...
Алдында құлдық ұрып, ақталмаймын,
Астында аяғыңның тапталмаймын.
Біраз күн сені есімнен шығарды рас,
Жаныма батқан дертім, батқан қайғым.
He күйде жүргенімді көресің бе?
Мен сөніп баратырмын, сенесің бе?
Қай майданнан оралған жауынгермін,
Жарадан сау - тамтық жоқ денесінде.
Басымды бұлт алған бүгінде сен.
Жүрекке ине қадап, бүлінбе сен!
Әлсіреп, әзер жанған шырақпын мен,
Сөнемін де қаламын бір үрлесең...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Мәлік ибн Динар деген әулие кісі жайлы Мәлік ибн Динар деген әулие кісі жайлы
Кезінде бір Мәлік ибн Динар деген әулие кісі өмір сүрген. Ол қажылыққа кетіп бара жатып, бір қызық оқиғаға куә болады. Тұмсығында наны бар бір құстың
Қабағы таудың қатулы Қабағы таудың қатулы
Қабағы таудың қатулы, Қар жауа ма, қайтеді?! Бұлақтар мұңға батулы, Мұз тұра ма, қайтеді?!
Тұлпарларыммен біргемін Тұлпарларыммен біргемін
Іздесең мені кімде - кім, Қаладан іздеп жүрмегін! Үйіме де іздеп кірмегін! Аязды боран, ақ таудың
Соғыстың соңғы көктемі Соғыстың соңғы көктемі
Жасылмен бояп қойған ба?! Жап - жасыл таудың бөктері Қырлар да, мынау ойлар да, Жап - жасыл болып көктеді.
Мүйісте Мүйісте
Селк етіп, секем алып қарадың - ау, Қай таудың киігі едің, қарағым - ау!? Төбеңде шыр айналып бала қыран, Мүйісте мергені бар қала мынау.
Жұлдыздар сөніп барады Жұлдыздар сөніп барады
Жұлдыздар сөніп барады Айналып келді батқан күн, Жығылды түннің жалауы. Алауын бақпай ақ таңның,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×