ойын сауық отауы
Көңлім қайтты достан да, дұшпаннан да
17.05.2016 11 433 0 Дауыл

Көңлім қайтты достан да, дұшпаннан да

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Көңлім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.

Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда.
Мұнан менің қай жерім аяулы деп,
Бірге тұрып қалады кім майданда?

Ендігі жұрттың сөзі – ұрлық-қарлық,
Саналы жан көрмедім, сөзді ұғарлық.
Осы күнде, осы елде дәнеме жоқ
Мейір қанып, мәз болып қуанарлық.

Байлар да мал қызығын біле алмай жүр,
Жаз жіберіп, күз атын міне алмай жүр.
Сабылтып, күнде ұрлатып, із жоғалтып,
Ызаменен, ыржиып күле алмай жүр.

Саудагер тыныштық сауда қыла алмай жүр,
Қолдан беріп, қор болып, ала алмай жүр.
Ел аулақта күш айтқан, топта танған,
Арсыз жұрттан көңілі тына алмай жүр.

Естілер де ісіне қуанбай жүр,
«Ел азды» деп надандар мұңаймай жүр.
Ала жылан, аш бақа күпілдектер
Кісі екен деп үлкеннен ұялмай жүр.

Бектікте біреу бекіп тұра алмай жүр,
О-дағы ұры-қарды қыра алмай жүр.
Қарсылық күнде қылған телі-тентек
Жаза тартып ешбір сұралмай жүр.

Қарындас қара жерге тыға алмай жүр,
Бірінің бірі сөзін құп алмай жүр,
Құда-тамыр, дос-жарың, қатын-балаң, -
Олар да бір қалыпты бола алмай жүр.

Бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр,
Іште жалын дерт болып, шыға алмай жүр.
Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі,
Не пайда, не залалды біле алмай жүр.

Жетіліп жаз жайлауға қона алмай жүр,
Күз күзеу де жанжалсыз бола алмай жүр.
Қыс қыстауың – қып-қызыл ол бір пәле,
Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр.

Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр,
Сұрамсақтар нәпсісін тыя алмай жүр
Сәлем борыш, сөз қулық болғаннан соң,
Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр?
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Ем таба алмай Ем таба алмай
Ем таба алмай, От жалындай, Толды қайғы кеудеге. Сырласа алмай, Сөз аша алмай Пендеге.
Ауру жүрек ақырын соғады жай Ауру жүрек ақырын соғады жай
Ауру жүрек ақырын соғады жай, Шаршап қалған кеудемде тулай алмай. Кейде ыстық қан басып кетеді оны, Дөңбекшіген түндерде тыншыға алмай.
Москвадан кетерде Москвадан кетерде
Ұлиды боран, Қарып тұр. Сауықтыр мені, сауықтыр Боранын - дағы Мәскеудің Сімірейінші қанып бір.
Маймыл мен көзілдірік Маймыл мен көзілдірік
Қартайып, нашар көрді Маймыл көзі, Ойлады ем етерге оған өзі. «Көз азса - Көзілдірік емі» деген Тиетін құлағына жұрттың сөзі.
Жан жарымды бір сүйейін түсімде Жан жарымды бір сүйейін түсімде
Тұтқын болып, тысқа шығып жүре алмай, Зарықтым ғой, жан жарымды көре алмай, Осы күнде алтын сәулем нағып жүр, Қандай күйде, қайда екенін біле алмай.
Абай Құнанбаевтың өлеңдері №1 Абай Құнанбаевтың өлеңдері №1
Кім екен деп келіп ем түйе қуған, Қатын ғой күлдәріден белін буған. Төркініңнің бергені жауыр айғыр, Бауырыңды ұрайын бірге туған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×