ойын сауық отауы
Көжекбайға
17.05.2016 4 096 0 Дауыл

Көжекбайға

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Көжекбайға
Бөтен елде бар болса
Ежеттесің, сыйласың,
Сыбырлас, сырлас көп болған,
Көптен тату қимасың,
Басыңа жұмыс түскен күн
Татулықты бұрынғы
Не қылып ол ойласын:
Ашып берер жауыңа
Өзі көрген қоймасын.
Желіккен жауың кез болса,
Араздығы сөз болса,
«Бәрекелді батыр» деп,
«Мықты боп бара жатыр» деп,
Мақтап - мақтап қоздырар.
Ескі досын көргенде,
Есебі жоқ ант ішіп,
Аруақ, құдай айтысып,
Сыр алғалы айттым деп,
Жауыңды алдап қайттым деп,
Құдайдан қорықпай, антұрған
Иман жүзін тоздырар.
Келіп-кетіп көп жүріп,
Мен досыңмын деп жүріп,
Дұспандығын оздырар.
Алдайды деп жауыңа,
Ел тарттырмай баурыңа,
Көрінгенді азғырар.
Кеселді болып бітеді
Жақсыға біткен жақындар.
Жау жағадан алған күн
Өздері иттей тақымдар.
Үйде отырып бөскенде,
Бәрі шешен қақылдар.
Аулаққа шығып біріне
Бірі сөзін мақұлдар.
Жау көп болса басыңда,
Бірі қалмас қасыңда.
Жетектесең, табандар
Далаға шығып өзіңді
Жаудан бетер жамандар.
Жалбарынып күн көріп,
Жақынын сатып, жөн көріп
Қалтаң-құлтаң амалдар.
Туысқанға кекшіл
Жас баладан бетерді,
Ойлау да жоқ, білу жоқ
Келер менен кетерді.
Жақынға еріп, мал салмай,
Жауды көріп, жан салмай.
Қайдан ғана біледі
Ауыр менен жеңілдің
Арасымен өтерді?
Жолдас аз боп сасқанда,
Әуелі сонан естісең
«Ат үстінен көтерді».
Ауыр жұмыс кез болса,
Араз кісі болғансып,
Сылтау етер бекерді.
Үйренбейді кісіден
Кіржіңдеп жүріп кекерді.
Оңалып егер алдыңыз,
Әржерден-а көбейер
Ажарлыңыз, малдыңыз.
Пәленшені ұрам деп,
Түгеншені қырам деп,
Таршылықта қайраңдап
Кеңшілікте ойраңдап,
Көп батырға қалдыңыз.
Егер тілін алсаңыз,
Бықсып шірір ішінен.
Әркімде-ақ бар ғой туысқан,
Қайсысы жауды қуысқан?
Күн жауғанда қойныңда,
Күн ашықта мойныңда,
Арылмас міндет болған соң,
Әркімнің көңлі суысқан.
Жақсыға біткен ағайын
Өз үйіңде кезексіз
Шешен келер сартылдап.
Білетін біреу кез келсе
Сөз таба алмас қалтылдап.
Қалжыңға келер шорқақтау,
Жауға келер қорқақтау,
Еркін жерде ызақор,
Томырық келер тарқылдап.
Әдеппен тамылжытып,
Мінезі тәтті болмайды,
Сасық паңдау келеді,
Қырт мақтаншақ оңбайды,
Кісімсініп жалпылдап.
Біреуге өктем іс қылса,
Өз күшім деп ойлайды.
Егер күші жүрмесе,
Бағанағы жақсының
Қылғаны деп қоймайды.
Жат айбынар ісі жоқ,
Жау айдынар күші жоқ,
Өз еркіне жіберсең,
Ешнәрсеге тоймайды.
Қалжыңы теріс, сөзі – ұрыс,
Айтқан сөзге көнбейді.
Өз тентегін көрмейді,
Қазан бұзар бір қырыс.
Сондай кесел туысқан
Қай жерінен болады.
Көңілге медеу, ол тыныс?
Жалығуды пәледен
Жұлт ұмытты біржолы.
Шыныменен тамам ел
Кете ме екен ит бола?
Ішкені мас, жеген тоқ,
Уайым айтар біреу жоқ,
Тым болмаса болмады
«Бұлт ала, жер шола».
Келелі кеңес жоғалды,
Ел сыбырды қолға алды.
Ел ішінде бітімші
Түгел алып қайтпайды
Сұрай келген бір малды.
Ел жамаған билер жоқ,
Ел қыдырып сандалды.
Астыртын барып жалғасқан,
Ақша беріп жалғасқан,
Ақысын әрең сол алды.
Орыс сияз қылдырса,
Қу старшын, аш билер
Аз жүрегін жалғайды.
Орыссыз жерде топ болса,
Шақырған кісі бармайды.
Бырым қылып бір кісі
Адал малын алмайды.
Қызығы кеткен ел бағып,
Қисыны кеткен сөз бағып,
Ендігі атқа мінгендер
Күнде ертеңге талмайды.
Бас қосылса арысқа,
Кім шабады намысқа?
Жатқа қарар беті жоқ,
Жалынбай тұрар к... жоқ,
Ісі кетер шалысқа.
Ел бүлігі Тобықты
Көп пысыққа молықты.
Жалдының малын көре алмай,
Борышын түгел бере алмай,
Көрінгенге обықты.
Қазақтың малын сапырып,
Көп бәлеге шатылып,
Кесапатқа жолықты.
Өзінен шыққан жақсылар
Түзей алмай зорықты.
Бөтен елдің адамы
Тынбаған соң арамы,
Көңілі әбден торықты.
Саудагер қашты бұл елден,
Несиесін жия алмай.
Бұралқылар сандалды,
Жуандарға сия алмай.
Сыйымсыз болды алашқа,
Барымтасын тыя алмай.
Нанымы жоқ, анты бар,
Ел нұсқыны кетті ғой,
Елмін деген салты бар.
Әлі күнге уайым
Қылған жан жоқ, ұялмай.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Менің жұмыстағы бір күнім! Менің жұмыстағы бір күнім!
Өмірде неше түрлі қызықты және келеңсіз жағдайлар болып тұрады. Соның бірі кеше менің өмірімде де болды. Мен үйде ұзақ отырып қалдым да жақында
Жетімнің өлеңі - Спандияр Көбеев Жетімнің өлеңі - Спандияр Көбеев
Жетімнің күні құрсын жастай қалған, Әкесін шешесімен құдай алған. Күтетін өз баласындай жақын қайда? Деген сөз осы емес пе дүние жалған.
Бөтен елде бар болса Бөтен елде бар болса
Бөтен елде бар болса Ежеттесің, сыйласың, Сыбырлас, сырлас көп болған, Көптен тату қимасың.
Сабырсыз, арсыз, еріншек, Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Сабырсыз, арсыз, еріншек, Көрсе қызар, жалмауыз, Сорлы қазақ сол үшін, Алты бақан ала-ауыз.
Көжекбайға Көжекбайға
Жамантайдың баласы Көжек деген, Әркімге өсек тасып безектеген. Досын келіп досына жамандайды, Шіркінде ес болсайшы сезеді деген.
Абай Құнанбаевтың өлеңдері №2 Абай Құнанбаевтың өлеңдері №2
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ. Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, Ой желке, үңірейген болса сағақ. Теке
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×