ойын сауық отауы
Асқа, тойға баратұғын
02.04.2016 1 997 0 Дауыл

Асқа, тойға баратұғын

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Асқа, тойға баратұғын,
Жаны асығып, жас жігіт.
Қолға кетті жауға бір күн,
Тірі адамның ісі – үміт.

Қозғады жау батыр ерді,
Жауға сойқан салғалы.
Қалыңдығы қала берді,
Жатыр еді алғалы.

Асықсаң да, шырағым,
Саған деген құданың
Жазылған қандай жарлығы,
Есіткен жоқ құлағың.

Қалыңдық құшып, сүюге,
Күйеуіне ынтызар.
Келісімен тиюге,
Дайындалған ойы бар.

Көйлегін ақтан тіккіштеп,
Күні - түні дем алмай,
Бітіруге жүр күштеп,
Асыққансып, тоқталмай.

Сен асыққан екен деп,
Алла әмірін өзгертпес.
Айтқаның болар ма екен деп,
Мен қорқамын, көз жетпес.

Жара басты кеудені,
Жаудан өлді ар үшін.
Ескермей өзге дүниені,
"Аһ!" деп өтті жар үшін.

Жамандық тұрмас күттіріп,
Ел есітті, қыз білді.
Ақ көйлекті бітіріп,
Кебінім деп киді, өлді...

Қол жетпеген некені
Сүйіп кеткен жан екен.
Көзің неге жетеді,
Қосылмақ онда бар ма екен?

Шыны ғашық жар болса,
Неге өлдім деп налымас.
Онда екеуі кез келсе,
Бірін бірі танымас.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Әм жабықтым, әм жалықтым Әм жабықтым, әм жалықтым
Әм жабықтым, әм жалықтым, Сүйеу болар қай жігіт, Көңілден кеткен соң тыным? Әм сүйіндім, әм түңілдім,
Құр айғай бақырған Құр айғай бақырған
Құр айғай бақырған Құлаққа ән бе екен? Өнерсіз шатылған Кісіге сән бе екен?
Татьяна сөзі Татьяна сөзі
Тәңірі қосқан жар едің сен, Жар ете алмай кетіп ең. Ол кезімде бала едім мен, Аямасқа бекіп ең.
Сағаттың шықылдағы емес ермек Сағаттың шықылдағы емес ермек
Сағаттың шықылдағы емес ермек, Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек. Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас, Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
Жаманбаланың баласы өлгенде Жаманбаланың баласы өлгенде
Белгілі сөз: «өлді, өлді», Белгісіз оның мекені. Не халатқа әурілді, Қайда қандай екені.
Балалық өлді, білдің бе? Балалық өлді, білдің бе?
Балалық өлді, білдің бе? Балалық өлді, білдің бе? Жігіттікке келдің бе? Жігіттік өтті, көрдің бе?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×