ойын сауық отауы
Малдас құрып отырудың пайдасы
20.02.2021 2 278 0 Admin

Малдас құрып отырудың пайдасы

Пайдалы кеңестер / Жалпы кеңес
Халық емі
Малдас құрып отырудың пайдасы
Малдас құрып отырудың бес түрлі пайдасы бар.
Ғалымдар адам тамақ ішкенде малдас құрып отырғаны пайдалы екенін дәлелдеді. Яғни қазіргідей жаппай үстелде отырып тамақ ішкеннен дастарханды жерге төсеп, малдас құрып отырған әлдеқайда артық екен.
Біріншіден, еденде малдас құрып отыру йогамен айналысқанмен бірдей. Үш - төрт мезгіл осындай күйде дене мен миды босаңсытса, оған аса жағымды жағымды әсер етеді.
Екіншіден, бұл ас қорыту жүйесіне қолайлы. Адам малдас құрып отырғанда үнемі еңкейіп - тіктелу арқылы құрсақ аумағы бұлшық еттерін қозғалысқа келтіреді. Бұл кезде астың асқазан сөлімен араласуы, оның асқазан мен ішекте дұрыс қозғалуы жақсарады.
Үшіншіден, бұл арқылы дене иілгіш болады, қуаттанады. Тізе, сегізкөз, сан, омыртқа, иық, кеуде қуысы аумақтарының бұлшық еті жұмысын жақсартады.
Төртіншіден, осындай босаңсу арқылы дене мен ми тыныштанады. Адам басқа ойдан арылып, ықыласы тамаққа ауады. Ол тойынғанын дұрыс сезінеді. Өйткені ол тамақты асығыс емес, баяу қабылдайды.
Бесіншіден, ғалымдар тамақты еденде малдас құрып, отырып ішудің отбасылық ынтымаққа тікелей әсер ететініне көз жеткізіп отыр. Отбасы мүшелері дастархан басында осылай отырған кезде көп ортақ мәселелер жөнінде әңгімелесіп, ақылдасуына мүмкіндік қана емес, жайлы, қолайлы жағдай туындайды екен. 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт
Уақытты босқа өткізу – сізге пайдасы жоқ істерге уақыт бөлу. Біз күнделікті өмірде небір түрлі істер атқарамыз. Оның бірінің пайдасы тиіп жатса,
Бесіктің пайдасы Бесіктің пайдасы
Біріншіден – қол - аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді. Екіншіден – баланың
Күлкі – тегін дәрі Күлкі – тегін дәрі
Күлімсіреу арқылы өз денсаулығыңды нығайтуға болады екен. Психолог мамандардың адам көңіл - күйі болмаған сәтте өзін күлімсіреуге мәжбүрлеу арқылы
Суда жүзудің пайдасы Суда жүзудің пайдасы
Шынығудың ең тиімді құралы – ауа, күннің көзі және су екенін ғалымдар үнемі айтып келеді. Қай спорт түрін алсаңыз да, әрқайсысының адам денсаулығына
Көкбайға Көкбайға
Бұралып тұрып, Буыны құрып, Қисайта тартып мұрынын. Әсемсіп, сәнсіп, Білгенсіп, бәлсіп, Әр нәрсенің орынын.
Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы
Сүт өнімдерінде кальций бар, сүйекті, тісті нығайтады, бұлшық еттің қызметін жақсартады, қанның түзілуі үшін қажет, тәннің жұқпалы ауруларға күресін
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×