44 - қадам: уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. тіпті әр минутыңызды пайдалы
Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
44 - қадам: уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. тіпті әр минутыңызды пайдалы нәрсеге жұмсаңыз
Уақытты дұрыс пайдалану – бұл өмірді дұрыс пайдалану. Уақыт – сіздегі үлкен байлықтың бірі. Оны еш нәрсемен айырбастап, сатып та ала алмайсыз. Сол үшін де әрбір алтын уақытыңызды барынша тиімді пайдалауға тырысыңыз. Аз ұйықтаңыз және сізге пайдасын бермейтін бос істермен айналыспаңыз. Сонда керекті істерді атқаруға уақыт табатын боласыз. Мысалы, сіз қасыңыздағы адамдардан бір сағат аз ұйықтасаңыз және бос істерге олардан қарағанда 2 сағат аз құртсаңыз, сіз 3 сағат олардан алда жүресіз. Егер сол 3 сағатыңызды пайдалы істерге жұмсасаңыз. 3 сағатыңыз 1 айда 90 сағат болады.
Сонда 4 күнге жуық уақыт ұтасыз. Сонда 1 айда 4 күн бойы уақытыңызды бос іске емес, мақсатыңызға жұмсадыңыз. Күнделікті өмірде небір түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Небір түрлі проблемалар болуы да мүмкін. Жақындарыңызға бөлінетін уақыт, студент болсаңыз, оқуға кететін уақыт. Одан кейінгі үй тапсырмасына кететін уақыт, жұмысыңызға кететін уақыт, спортпен шұғылдануға, тамақтануға, достарыңызға, біліміңізді арттыруға, мотивация алуға, демалуға кететін осындай нәрселер барлық адамда бар.
Енді осы істердің әрқайсысына белгілі бір уақыт бөле аласыз ба? Бұлардың әрқайсысына уақытты дұрыс бөлмесеңіз, бір - біріне қабаттасып, сіздің алдыға ұмтылуыңызға кедергі келтіреді. Осындай күнделікті атқаратын істерңізді күнделігіңізге рет - ретімен жазып қойыңыз. Әрқайсысына кететін уақытты мөлшерлеп жазыңыз.
Күнделікті күнде жазуға әдет қылыңыз. Бастапқы 1 - 2 апта қиынға соғар немесе ерсі де көрінер, бірақ ары қарай күнделікті қолдансаңыз, үйреніп кетесіз. Міндетті түрде өзіңізге күнделік арнаңыз, бұл сізге уақытты тиімді пайдаланудың басты қадамы.
Мысалы, сіз 2 сағат кітап оқуға кірістіңіз. 2 сағатта кемінде 3 рет 5 минуттан үзіліс жасаңыз. Сол үзілісіңізді де тиімді пайдаланыңыз. Айталық, үзіліс уақытында көзіңізге жаттығулар жасаңыз немесе денеге жеңіл жаттығулар жасаңыз, сол аралықта бір стакан су ішіп алыңыз, кітаптан түйген мазмұндық түсініктеріңізді күнделігіңіздің бір шетіне жазып қойыңыз. Осылай әрбір уақытыңызды барынша тиімді пайдалана білсеңіз, сіз ойлаған мақсатыңызға жетуге ең қажетті нәрселердің бірін меңгерген боласыз.
Уақытты басқару – өміріңді басқару.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

57 - қадам: қазіргі қоғамдағы дерттер
Қазір қоғамда адамға зиянын беретін нәрселер көбейіп кетті. Заман дамыған сайын адамның өміріне зиян тигізетін нәрселер көбейді.
Жетістіктің жүз қадамы: 34 - қадам: аптасына бір
Күнделікті қайталана беретін жұмыстан шаршайтынымыз анық. Аптасына бір рет өзіңізге, жақсы демалыс арнаңыз. Реті келсе тауға барып қайтыңыз болмаса
Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір
Ойыңызға келген идеяларды блокнотыңызға жазып қоюды әдетке айналдырыңыз. Күнделікті өмірде біздің ойымызға небір түрлі ойлар келеді. Оның ішінде
Жетістіктің жүз қадамы: 32 - қадам: мүмкіндік
Мүмкіндік туса – оны әжетке жарат! Егер сол мүмкіндік өміріңді бастан - аяқ өзгертетін болса, өзгеріске бейімдел.
Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт
Уақытты босқа өткізу – сізге пайдасы жоқ істерге уақыт бөлу. Біз күнделікті өмірде небір түрлі істер атқарамыз. Оның бірінің пайдасы тиіп жатса,
Иіссуды дұрыс қолданудың 6 құпиясы
Түрлі опа-далаптарды дұрыс пайдалана білудің маңызы қандай зор болса, иіссуды да дұрыс қолдана білудің маңызы сондай зор. Ендеше төмендегі 6 тәсілді